13 қарашада Нұр-Сұлтанда баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы «Үркер – 2020» ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі жариялады.

Салтанатты жиында 11 номинация бойынша мәртебелі журналистика сыйлығының жеңімпаздары анықталды:

Жылдың үздік фотосуреті:Сәкен Ділдахмет, Тәуелсіз экологиялық шолушы

Жылдың үздік репортажы:Нұрсұлтан Мықтыбаев, Kyzylorda-news.kz порталы

Жылдың үздік аналитикалық материалы:Кайрат Жандыбаев, Strategy2050.kz порталы

Жылдың үздік журналистік зерттеуі:Михаил Козачков, «Время» газеті

Жылдың үздік сұхбаты:Гульбаршын Сабаева, «Egemen Qazaqstan» газеті

Жылдың үздік танымдық материалы:Тимур Ниталиев, Sputnik Казахстан ақпараттық агенттігі

Радиостанциядағы үздік жоба:«Atyray» радиостанциясындағы «Эфирде 102 FM» бағдарламасы

Жылдың үздік жаңалықтар порталы:TengriNews порталы

Жылдың үздік газеті:«AQ JOL» газеті

Жылдың үздік журналы:«Жұлдыз» журналы

Шерхан Мұртаза атындағы Номинация:Қайнар Олжай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, публицист

Барлық финалистерге Жеңімпаз сертификаты, «Үркер» естелік мүсіншесі және бір миллион теңге ақшалай сый табысталды.

Көрермендер марапаттау рәсімін тікелей эфирде urker-awards.kz ресми сайтынан көруге мүмкіндік алды.

«Үркер» ұлттық сыйлығы 2017 жылдан бастап, биыл төртінші рет өткізіліп отыр. Өтінімдер 2020 жылдың 2 қазанынан 5 қарашасына дейін қабылданды. Жалпы, қатысушылардан 470 өтінім келіп түсті. Үздік жұмыстар әділқазылар мүшелерімен таңдалды, олардың құрамына беделді қайраткерлер, шығармашылық зиялы қауым өкілдері және танымал қазақстандық журналистер кірді.

Ұлттық сыйлықты ұйымдастырушы — Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі. Іс-шараға «Қазақстан» РТРК мен «Хабар» Агенттігі» АҚ демеушілік жасады.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?