Таразда пара алды деп айыпталған еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің ағасы Тимуржан Нұрымбетовке және осы іске қатысы бар басқа фигуранттар бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Бұл туралы nege.kz жариялады.

Тараз қаласының №2 сотының судьясы Нұрлан Дауылбаев Нұрымбетовке қатысты қаралып жатқанқылмыстық істі басқа қылмыстық іспен біріктіру туралы шешім қабылдады. Қылмыстық істе тергеу Қылмыстық Кодекстің «Алаяқтық» және «Лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану» баптары бойынша жүргізілген болатын.

Айта кетейік, Тимуржан Нұрымбетовке қатысты іс сотқа 366-бап («Адамдар тобының бірнеше рет пара алуы») және 128-бап («Қылмыстық жолмен алынған ақшаны немесе өзге де мүлікті заңдастыру, жылыстату») бойынша берілген еді.

Нұрымбетовтен басқа, іс бойынша тағы бес адам сот алдына келген.

Еске салайық, мұның алдында Тимуржан Нұрымбетовтің қамаудағы мерзімі жылдың соңына дейін ұзарғаны хабарланған болатын. 

Жамбыл облысының прокуратурасы 2019 жылдың 26 желтоқсанында Антикоррупция қызметінің сотқа дейінгі тергеу бастағанын айтқан еді.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?