Мемлекет басшысы Ұлттық Банк Төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 11 айдағы ақша-несие саясатын жүзеге асырудың алдын ала қорытындылары, әлемдік қаржы нарықтарының қазіргі ахуалы мен оларды қалпына келтірудің перспективалары туралы баяндалды. Сондай-ақ 2025 жылға дейінгі ұлттық төлем жүйесін дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша қабылданған шаралар туралы айтылды.

Президентке зейнетақы активтерінің жағдайы туралы есеп беріліп, мемлекеттік қарызды басқарудың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар айтылды.

Сонымен қатар Ерболат Досаев Мемлекет басшысына орта мерзімді кезеңде Ұлттық Банкті және қаржы секторын цифрландырудың негізгі бағыттары туралы ақпарат берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу соңында Ерболат Досаевқа бірқатар нақты тапсырма берді. 

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?