Ақтоты Райымқұлова мəдениет және спорт мəселесі бойынша қоғамдық кеңестің жұмыс тобының отырысына қатысты. Бұл туралы ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мəдениет және спорт мəселесі бойынша қоғамдық кеңестің құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының онлайн форматтағы отырысқа қатысты.

Басқосуға Мəдениет жəне спорт министрлігінің Жауапты хатшысы Бақытжан Темірболат, Заң департаментінің директоры Айнұр Рахымжанова, Орталық Қазақстан туризм, қонақ үй, мейрамхана және қолөнер ісі ассоциациясының президенті Майя Ағаділова, Kazakh Tourism ұлттық компаниясы АҚ төрағасының орынбасары Тимур Дүйсенғалиев, Astana Arlans кəсіби спорт клубы ЖШС атқарушы менеджері Бақтияр Артаев, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Дәулеткерей Кәпұлы, Нұр-Сұлтан қаласы суретшілер одағының төрағасы Жанұзақ Мүсәпір, «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы жетекшісінің орынбасары Батырхан Жұмабаев қатысты.

Биыл 6-19 қараша аралығында Мəдениет жəне спорт министрлігі өз сайты мен әлеуметтік желідегі парақшаларында мәдениет және спорт мәселесі бойынша қоғамдық кеңестің құрамын қалыптастыру бойынша конкурсқа құжаттар қабылдау басталғанын хабарлаған еді.

Жиында сөз алған Ақтоты Райымқұлова:

«Бүгінде Министрлік жанында мәдениет және спорт мәселесі бойынша қоғамдық кеңес жұмыс атқарып келе жатқанынан хабардарсыздар. Оның құрамына Парламент депутаттары, мәдениет, спорт, туризм индустриясы саласының көрнекті қайраткерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдері кіреді.

Өкінішке қарай, біздің қоғамдық кеңестің мүшесі, даңқты палуан Жақсылық Үшкемпіровтің қайтыс болуы баршамызға орны толмас қаза. Осыған байланысты «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңның 15-бабының талаптарына сәйкес қоғамдық кеңестің жаңа мүшесін конкурс нәтижесі бойынша қабылдауымыз керек»,-деді. 

Өз кезегінде сөз алған Бақытжан Темірболат аталған рәсім қорытындысы бойынша Министрліктің қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарды таныстырды.

«Осы аралықта Министрлік атына кандидаттардан 3 өтініш келіп түсті. Әр кандидатураға қысқаша тоқтала кетуге рұқсат етіңіздер:

Дәулет Болатұлы Тұрлыханов — грек-рим күресінен Олимпиаданың күміс және қола жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері.

Сауле Самидинқызы Самидин – 2004 жылдан бері концерт, фестиваль, форум, конференция ұйымдастырумен айналысатын Sun Events ЖШС-ның құрылтайшысы және бас директоры, биыл наурыздан бастап «Еуразия ивент ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы қызметін атқарады.

Әділхан Дүйсенбекұлы Шорабек – биыл қыркүйектен бастап Өнер және менеджмент институтының директоры, «Қазақ ұлттық хореография академиясы» КЕАҚ Медиа департаментінің басшысы»,-деді Жауапты хатшы.

Осыдан соң жұмыс тобының мүшелері дауыс беруге кірісіп, таңдаған үміткерді атады. Дауыс беру қорытындысы бойынша ең көп дауыс жинаған кандидат Дәулет Тұрлыханов мәдениет және спорт мәселесі бойынша қоғамдық кеңестің құрамына қабылданды.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?