Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Алматыға іссапары аясында медициналық нысандардың халықты жаппай вакцинациялауға дайындығын тексерді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
Министр қаладағы ірі стационардың бірі — №7 көпбейінді клиникалық аурухананы аралады, онда 722 төсек-орын бар. Орта есеппен мұнда тәулігіне 250-300 пациент түседі. Жылына 77 мың адам қаралады. Оның ішінде орта есеппен 30% -ы, яғни 23 мыңнан астам адам ауруханаға жатқызылады. Стационарға емдеуге жатқандардың 80% шұғыл және 20% жоспарлы түрде емделеді.
Клиниканы аралау барысында А.Цой интенсивті терапияға мұқтаж КВИ жұқтырған пациенттерге сапалы стационарлық көмек көрсетудің маңыздылығын атап өтті.
Денсаулық сақтау министрі жағдайы ауыр науқастарды реанимацияда емдеу үшін елдің ең үздік дәрігерлерін консультативтік көмекке тарту қажеттігін айтты.
Министр №4 қалалық емхаға да барды, мұнда халықты коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакцинация жүргізіледі. Емхана бірден 83 690 адамға алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетеді, оның ішінде ересектер – 66 509, балалар – 17 181.
Денсаулық сақтау министрі бастапқы медициналық ұйымның медицина қызметкерлерінің назарын тіркелген халықты барынша қамту үшін жаппай вакцинациялауды ұйымдастыру қажеттігіне аударды. Сонымен қатар, ол емхана қызметкерлері үшін вакцинацияның оң әсері туралы халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды екенін, бұл вирустың таралуымен күресудің жалғыз тәсілі екенін атап өтті.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?