Коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуі Алматы, Нұр-сұлтан, Шымкент қалаларында, Ақтөбе және Алматы облыстарында жалғасуда. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады.
Қазақстан Республикасында 7 сәуірдегі жағдай бойынша COVID-19 оң нәтижесімен 258 917 науқас және КВИ-мен 50 955 жағдай тіркелді. КВИ+ бар 228 089 науқас және КВИ-мен ауыратын 49 290 науқас сауығып кетті. Алматы, Нұр-сұлтан, Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Алматы облыстарында КВИ-мен сырқаттанушылықтың өсуі жалғасуда.
«Жалпы сырқаттанушылықтың 63%-ы Алматы, Нұр-сұлтан қалаларының және Алматы облысының тұрғындарына тиесілі, онда Алматы қаласында жағдайлардың тіркелуі ақпан айында тәулігіне 100 жағдайдан сәуір айында тәулігіне 600 жағдайға дейін артты. Нұр-сұлтан қаласында жағдайлардың саны ақпан айында тәулігіне 100 жағдайдан сәуір айында тәулігіне 500 жағдайға дейін артты. Алматы облысында ақпан айында 70 жағдайдан сәуір айында тәулігіне 270 жағдайға дейін», — деді А.Цой.
Эпидемиологиялық жағдай матрицасына сәйкес Қазақстан Республикасы Бір апта бойы жоғары қауіпті аймақта, яғни қызыл аймақта тұр. Сондай-ақ жоғары тәуекел аймағында (қызыл аймақта) 8 өңір бар: Алматы, Нұр-сұлтан қалалары, Батыс Қазақстан және Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды және Алматы облыстары, оның ішінде Алматы және Нұр-сұлтан қалалары қызыл аймақта бір ай бойы, Батыс Қазақстан облысы соңғы 20 күн бойы, Атырау облысы-соңғы 2 апта бойы, Ақтөбе және Алматы облыстары – апта бойы, Ақмола-2 күн бойы, Қарағанды – 1 күн бойы. Сары аймақта-Шымкент қаласы. Қалған 8 аймақ жасыл аймақта орналасқан.
Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы байқалған, сары және қызыл аймақтарға көшкен өңірлерде байланыстарды қысқартуға және инфекцияның таралуына жол бермеуге бағытталған қосымша шектеу шаралары енгізілді.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?