Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының «тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшылығына қатысты «жұмыспен қамту жол картасы — 2020″мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын Мұнайлы ауданында кентішілік жолдарды салу кезінде қамқорлық көрсеткені үшін заңды тұлғалардан 1 млн.теңге мөлшерінде пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі хабарлады.

Сотқа дейінгі тергеу барысында күдікті адам қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәсін мойындады. Аталған құрылыс нысандары Маңғыстау облысының прокуратурасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және азаматтық қоғам тарапынан бірнеше рет сынға ұшырағанын атап өткен жөн. Атап айтқанда, бұған дейін Мұнайлы ауданында жол құрылысы барысында сапасыз жұмыстарды орындау фактілері бойынша кең қоғамдық резонанс алған Жарияланымдар әлеуметтік желілер мен БАҚ-та орналастырылған болатын. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді. Күдіктіге қатысты оның кінәсінің дәрежесін анықтаумен түпкілікті шешімді сот шығарады.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?