Елордалық өрт сөндірушілер Шапағат базарындағы өртті жедел жойды,-деп Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

2 сәуір сағат 22:30 Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Сарыарқа ауданы Бөгенбай батыр даңғылы 69 мекенжайында орналасқан Шапағат базарына шақыртудың жоғары нөмірі бойынша шықты. Өрт сөндірушілердің келуі бойынша алдын ала болжам бойынша 50 ш.м аумақта керамогранит астындағы жылытқыш пен жабыны өртеніп жатқаны анықталды.

Ғимарат ішінде өрт орын алған жоқ. Зардап шегушілер мен қаза болғандар жоқ. Өрт орнында өрт сөндіру жедел штабы құрылды. Өрт орнында Нұр-Сұлтан қ. ТЖД 8 бірлік техника мен жеке құрамның 32 адамы жұмылдырылған.


Өрт сағат 23:05 ауыздықталды. Өрт сөндірушілердің күшімен өрт 23 сағат 15 минутта өрттің ары қарай жайылуысыз жойылды.

Нұр-Сұлтан қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?