Жоғарғы Сот, АХҚО соты және Халықаралық арбитраж орталығы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы Қазақстан Республмкасы Жоғарғы сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асанов «Астана» Халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовпен және АХҚО соты мен Халықаралық арбитраж орталығының (ХАО) тіркеушісі әрі аппарат басшысы Кристофер Кэмпбелл-Холтпен кездесті.

Жиынға Жоғарғы Соттың судьялары мен аппарат басшылығы да қатысты.

Кездесуде Ж.Асанов Елбасының Ұлт жоспары аясында құрылған АХҚО сот органдарының елміздегі сот төрелігінің тиімді моделін ілгерілетудегі маңыздылығын атап өтті. «Шетелдік инвесторлар үшін сот төрелігіне қолжетімділікті кеңейтудің бірегей мүмкіндіктері экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі Мемлекет басшысының нұсқаулары аясында өзінің өзектілігін дәлелдеп отыр», — деді ол.

Спикер дауларды Қазақстан соттарынан АХҚО соттарына қарауға беруді және олардың шешімдерінің шетелде орындалу тетігін пысықтауды АХҚО сотымен және ХАО-мен ынтымақтастықтың басым бағыттары ретінде атап өтті.

Жоғарғы Сот Төрағасы елімізде жаңа құқықтық институттарды енгізу және АХҚО соты қызметін кеңейту шеңберінде меморандумға қол қою елімізге құйылатын инвестиция легінің артуына ықпал ететіндігіне сенім білдірді. Ол АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовке және АХҚО сотының тіркеушісі Кристофер Кэмпбелл-Холтқа өзара нәтижелі әрі кәсіби қызметі үшін ризашылығын білдірді.

Өз кезегінде Қ.Келімбетов пен К.Кэмпбелл-Холт меморандумға қол қоюдың маңыздылығына тоқтала келе, Жоғарғы Соттың бастамалары Қазақстанды тартымды инвестициялық орталық ретінде дамытуға ықпал ететіндігін атап өтті.

Жиын соңында Ж.Асанов, К.Кэмпбелл-Холт, АХҚО сотының төрағасы Лорд Манс пен ХАО төрағасы Б.Доманн Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум сот төрелігінің жалпы стандарттарын ілгерілету бойынша бірлескен бастамаларды іске асыруға бағытталған.

Тараптар коммерциялық дауларды шешу саласындағы мәселелерді зерттеу мен тәжірибе алмасуды, оқыту және ғылыми-зерттеу іс-шараларын өткізуді, құқықтық ақпаратпен және сот практикасымен өзара алмасуды жоспарлап отыр.

 

Дәл осы күні Ж.Асанов Қазақстан Президентінің экономикалық даму мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Сума Чакрабарти мырзамен кездесті.

Жоғарғы Сот Төрағасы сот жүйесіндегі жаңашылдықтар мен реформаларды іске асыру кезінде соттар кезіккен сын-қатерлер (білікті судья кадрларының тапшылығы мен сыбайлас жемқорлық) туралы хабарлады.

Еліміздегі АХҚО соты мен ХАО-ның дамуы, «Атамекен» ҰКП-мен өзара іс-қимыл, инвестициялық сот төрелігі, ӘРПК-нің қолданысқа енуі, сондай-ақ болжамды сот төрелігін айқындауға мүмкіндік беретін бірегей IT-сервистердің әзірленіп жатқаны әңгіме өзегіне айналды.

С.Чакрабарти Қазақстан соттарындағы өзгерістерді бағалай келе, оларды қоғамға, дипкорпусқа және халықаралық ұйымдарға тұрақты түрде түсіндіру қажеттігін атап өтті.

 

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?