Әкімшілік әділет – «Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің» тірегі»

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің күшіне енуіне орай Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өтті. Бұл туралы  Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының баспасөз қызметі жариялады.

Іс-шараға Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы  Қанат Мусин, Әділет вице-министрі Наталья Пан, Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі  вице-министрі Әсет Тұрысов спикер ретінде қатысты.

Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс күшіне енеді. Жаңа кодекстің мақсат-міндеттері қандай? Мемлекет пен қоғамға қандай пайдасы бар? Жаңадан құрылған әкімшілік соттар қалай жұмыс істейді? Қанат Мусин осы сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берді.

Спикер оқиғаның тарихи маңызын атап өтіп, Қазақстанда бұған дейін қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша сот ісін жүргізудің үш түрі болғанын, енді төртінші түрі – билік органымен дауда ең әлсіз тарапты қорғауға бағытталған әкімшілік әділеттің іске қосылғанын атап өтті.

«Сарапшылары мен заңгерлер аппараты бар мемлекеттік органның ресурсы мен қарапайым адамның мүмкіндігін салыстыруға болмайды. Жаңа процесс – объективті ақиқатты іздеуші белсенді судья».

Маңызды жаңашылдықтар:

1. Талап арыз берілген сәттен бастап іс сотта қозғалған болып есептеледі.

2. Адам өз талабының дұрыстығын дәлелдеп жатпайды. Дәлелдеу ауыртпалығы мемлекеттік органға жүктеледі. Егер меморган өз шешімінің заңды және негізді екенін дәлелдей алмаса, ол іс бойынша жеңіледі.

3. Сот мәлімделген талаптармен шектелмейді. Азамат әу бастан әлсіз тарап болып саналады. Енді сот оған арыздағы талаптарын дұрыс көрсетуге, тіпті оның түрін өзгертуге дейін көмектесе алады. Ал Кодекс бойынша арыздың 4 түрі бар: даулау; мәжбүрлеу; іс-әрекетті жасау және тану туралы.

4. Енді судьялар тараптарға көмек ретінде жекелеген құқықтық мәселелер бойынша алдын ала өз пікірін айтуға құқылы.

5. Кодекс меморгандарды тәртіпке келтіреді. Процестік мәжбүрлеу шарасының бірі ретінде ақшалай өндіріп алу енгізіледі.

6. Меморгандармен дау кезінде тараптардың татуласу мүмкіндігі бар.

7. Сот өз шешімінің орындалуын бақылайды және қамтамасыз етеді.

Қ.Мусин ұйымдастыру жұмысы туралы айта келе, 17 өңірде және  Қаскелең, Семей, Жезқазған және Екібастұз сияқты ірі қалаларда 21 жаңа әкімшілік сот ашылғанын атап өтті. Жоғарғы Сотта және облыстық соттарда әкімшілік істер бойынша сот алқалары құрылды.

Спикер брифингті қорытындылай келе, әкімшілік әділет жүйесін енгізу маңызды реформа екенін атап өтті. Бұл халық үніне құлақ асатын мемлекет құрудың тиімді құралы. Ол журналистердің сұрақтарына да жауап берді.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының баспасөз қызметі

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?