Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Орынбек  Айгул  Сатбайқызы және Шымкенттегі «Ақжүніс» бағдарламасын жүргізушісі Сәуле Әбілдаханқызы екеуінің әлеуметтік желісі арқылы, бейнежазбадағы кейіпкер, педагог Ұлжан Елмұратованың рұқсатынсыз, педагогтың бейнежазбасы жарияланып, ел арасында үлкен резонанс орын алды. Бүгінгі таңда, Түркістан облысы, Ордабасы ауданындағы Бадам ауылында орналасқан Шерімқұлов мектебінің зауышы болған,   педагог Ұлжан Елмұратова, әлеуметтік желіде, қоғам талқылауында, өзіне қарата айтылған небір былапыт сөздермен, жазылған ерсі пікірлер жүйкесіне ауыр соққы болған сияқты, ұстаз өзіне қол жұмсаған. Алайда ол педагог аман қалып, қазіргі таңда асылу салдарынан бас миында «ісік» пайда болып, оның өміріне қауіп төніп тұр деген тұжырымдар, Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан медициналық қорытындылар берілді. Оған жасалатын отадан аман қалуы енді тек Алланың қолында. «Педагог Ұлжан Елмұратоваға бір жағдай болса, оның 4 кәмелет жасына толмаған балаларының болашағы кімнің қолында қалады?»- деген арам ой, ешкімді мазаландырмаған көрінеді.

Ұстаз Ұлжан Елмұратова
Ұстаз Ұлжан Елмұратова

Бұл  жағдай кибербуллинг құрбандығы емеспе?

Айта кету керек, қазіргі таңда ұстаз Ұлжан Елмұратоваға қатысты әлеуметтік желіде жариялаған ақпараттар мен педагогтың өзіне қол жұмсағанына қатысты ҚР ҚК-нің 147, 105- баптары бойынша, Түркістан облысы полиция департаментінде іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп, тексеру амалдары жүргізілуде.

«Ақжүніс» бағдарламасын жүргізушісі Сәуле Әбілдаханқызы

Алайда «Ақжүніс» бағдарламасын жүргізетін Сәуле Әбілдаханқызы өзінің фейсбук парақшасында осы жылдың 25- мауысым күні  мынадай жазба жариялаған:

Әйгілі боғауыз зауыш өз ақымақтықтары үшін мені кінәлап, үстімнен арыз түсіріп қана қоймай, Ордабасы ауданындағы аурухана дәрігерлері мен аудан эксперттерін қорқытып, өзіне керекті анықтама және қорытынды жаздырып алуға кірісті деген хабарламалар келіп жатыр.

Сәуле Әбілдахан қызының фейсбук парақшасынан алынды
Сурет Сәуле Әбілдаханқызының фейсбук парақшасынан алынды

 

Тележүргізуші Сәуле Әбілдаханқызы, ақпаратты екі тараптама зерттеп жариялауды ұмытып кеткен, немесе ол армандап жүрген көлігі үшін тапсырыс алғанба?- деген ой мазалайтыны жасырын емес, қауесеттер кеңінен тараған. Ағымдағы жылдың 5- шілдесінде Сәуле Әбілдаханқызы көлік керек деп жүріп төмендегідей жазба жариялап, Қайрат Шайхиев пен өз ара сөйлескен жазбаның скриндерін жариялаған:

«Кайрат Шайхиев , Бала-ғашық, бұл уәдеңе Күн куә, Түн куә, Ел куә!… Ренжіме!..
Үш ай күттім… Енді күтәлмәйм екен…
(Оляяя, «түс машинадан!» демесе болды…)»- Сәуле Әбілдаханқызы
Сурет Сәуле Әбілдаханқызының фейсбук парақшасынан алынды
Сурет Сәуле Әбілдаханқызының фейсбук парақшасынан алынды

Себебі, әлеуметтік желідегі бейнежазба салдарынан өзіне қол жұмсаған ұстаз Ұлжан Елмұратованың денсаулығы күрт нашарлап кеткен, өміріне қауіп төніп тұр. Ол өзіне қол жұмсаған соң бас миында ақау айда болған. Ұлжан Елмұратоваға енді тек ота жасату арқылы ғана медициналық көмек беріледі. Тіпті Елордада басына ота жасау күніде белгіленген.

Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгул Орынбек Сатбайқызының, қоғамда болып жатқан  осындай әрекеттерден соң,  мұндай жағдайларға қол ұшын беріп, адам өміріне қауіп төнбейтін болмыстарға неге назар аудармаған, ақпаратты бір тараптама жариялағандарға неге үн қатпады, әлде Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің басты мақсаты адамның өміріне қауіп төндіру ма?

Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгул Орынбек Сатбайқызы
Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгул Орынбек 

      Жақындағана Жас жазушы, халықтың көңлінен орын алған, Түркістан облысының Жетісай ауданында Ая Мантай өзіне қол жұмсап өмірден өтті. Жас қыздың өзіне қол жұмсауы, Тағыда Шымкенттегі «Ақ жүніс»  бағдарламасының жүргізушісі Сәуле Әбілдаханқызы, сол қыздың жеке өміріне араласып, түбіне жетіп отырған көрінеді.  Бұл туралы бүкіл қоғам сең көтерсе де Ая Мантайдың анасын тележүргізуші, басқада ақпараттар мен қорқытып, ҚР ҚК-нің 105-  бабы бойынша ашылған  қылмыстық істі тоқтатуға кірісіп кеткені туралы желілерде түрлі ақпараттар жазылып жатыр. Енді Өзіне қол жұмсап, өзін-өзі өлтіруге жеткізген адамдар, қорқытып, бопсалап, қылмыстық істі тоқтатуға, қайтыс болған жас жазушы Ая Мантайдың жалғыз ақжаулқты анасына арыз жазбайтындай етуіне ықпал жасап жатса, біздің мемлекетке заңның қажеті қанша?

Жас жазушы марқұм Ая Мантай
Жас жазушы марқұм Ая Мантай

Айта кету керек, жас жазушы Ая Мантай өзіне қол жұмсауына байланысты, ҚР ҚК-нің 105- бабы бойынша Түркістан облысы, Жетісай ауданы  АПБ-де  қылмыстық іс қозғалған.  Сәуле Әбілдаханқызы бұл қылмыстық істе «күдікті» күә болып табылғаны туралы белгілі болды.  Сәуле Әбілдағанқызыда, бұл қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеуге барып келгенін, өзінің фейсбук әлеуметтік желісіндетөмендегідей жариялады:

«Дүйсенбі күні (2 тамыз 2021) түс қайта Жетісай ІІБ шақыртуымен Аягүл Мантайдың қазасына байланысты тергеушінің сұрақтарына жауап беріп қайттым»-Сәуле Әбілдаханқызы

Түсініксіз болып тұрған жәйт, «Ақжүніс» бағдарламасын жүргізушісі Сәуле Әбілдаханқызы Өзінің фейсбук парақшасында ұстаз Ұлжан Елмұратоваға қатысты жарияланған бір қаншама ақпараттар жойылған көрінеді, таба алмай қалдық.

Қазіргі таңда Қылмыстық іс қозғалып сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүруіне байланысты, тергеуге кедергі жасамау мақсатында қалған ақпараттарды тергеу аяқталған соң жариялайтын боламыз.

(Жалғасы бар)

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Түркістан облысы

 

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?