Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында инженерлік-техникалық мамандық алған курсанттар әскери тағылымдамадан өтуде. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Түлектер Талдықорған және Шымкент авиациялық базаларында теориялық білімін бекітіп, авиациялық техникаға қызмет көрсетуді ұйымдастыру және ақаулықты жою дағдыларын меңгеруде. Биылғы жылы өткізіліп отырған әскери тағылымдаманың ерекшелігі 2015 жылдан бастап Қазақстан әскери-әуе күштерінің авиапаркі толықтырылып келе жатқан Су-30СМ көпфункционалды жойғыш ұшағы мен Ми-35 жауынгерлік тікұшағының құрылымы мен жабдығын меңгеру болып табылады.

Ұшуды орындаудағы нәтиже жердегі сапалы қызметке байланысты! Бұл – инженерлік-техникалық құрамның ұраны. Жан-жақты қамтамасыз етілмей бірде-бір ұшақ әуеге көтерілмейді, авиациялық зымыран немесе бомба іске қосылмайды, – деп атап өтті институт бастығы авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов. – Техникаға дұрыс және толық техникалық қызмет көрсетпеу салдары қайғылы оқиғамен аяқталуы мүмкін. Сондықтан біз курсанттардың жақсы теориялық білім алғанына және тағылымдама барысында авиациялық техникада жұмыс істеу кезінде іс жүзінде дағдыларды жақсы меңгергеніне жүз процент сенімді болуымыз керек. Жауынгерлік тапсырманы нәтижелі орындау ұшақтың, тікұшақтың ұшуға сапалы дайындалуына байланысты.

Қазіргі уақытта әскери институт әуеайлағында үшінші курс курсанттарының өндірістік практикасы ұйымдастырылып отыр. Оқытушылар жас мамандарды регламенттік жұмыстарды сапалы жүргізуге, авиациялық техниканы ұшуға дайындауға оқытып-үйретеді. Практика қолданыстағы авиациялық техника: L-39 оқу-жаттығу жауынгерлік ұшағында, Ан-26 әскери-көлік ұшағында және Ми-8МТ көп мақсатты тікұшағында өткізіледі.

– Әскерде тағылымдамадан өтуде курсанттар офицерлерден бірегей тәжірибе алып, жеке құраммен сабақ өткізу әдістемесін үйренеді. Осы оқу кезеңінде бізге бесеуден астам инженерлік-техникалық құрам мамандығы бойынша білім алатын курсанттар келді, – деді Талдықорған қаласының авиациялық базасы ұшақтарды регламенттеу және жөндеу тобының бастығы майор Қайрат Асқаров.

Практика бір ай уақытқа созылады. Одан кейін болашақ офицерлер негізгі пәндер бойынша сынақтар тапсыратын болады.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?