Көзіңді ашып жұмғанша,
Айшылық алыс жерлерден
Жылдам хабар алғызды.
Бүгін мен QazForum қазақ тілінде онлайн контент жасаушылардың V форумындағы айтар ойымды ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің осы сөздерімен бастадым.
Екі ғасыр бұрын бұл сөз фантастика болатын. Бірақ Ыбырай атамыз нағыз футурист ретінде көрегендік танытып, қазіргі технологиялық заманды тура сипаттап берген.
Сессия модераторы Өркен Кенжебек маған «алдағы 30 жыл бізге не береді» деп сұрақ қойды. Расын айтқанда, қазіргі заманның жедел дамып жатқандығы сонша, болашақ түгелі ертең не болатынын айту қиын. Себебі осыдан бірнеше жыл бұрын ақпараттық заманда өмір сүрдік десек, былтыр пандемия бәрімізді бірден цифрлық дәуірге көшірді. Сондықтан мен алдағы 30 жылда озық елдерден қалып қоймас үшін «біз қазір не істеуіміз керек» деген сауал төңірегінде ой қозғадым.
Яғни біз заманнан қалып қоймау үшін цифрлық трансформацияға ұмтылуымыз керек. Цифрлық трансформацияны көбісі қызметтерді, процестерді автоматтандыру деп түсінеді. Олай емес, біз бұл заманнан өтіп кеттік. Қызметтерді автоматтандыру қарқыны осыдан 15 жыл бұрын егов электрондық порталы құрылғанда жанданды. Қазір біз оның шарықтау шегіне жеттік. Бізге трансформация керек. Яғни шапқылай бермей, біз қайда бара жатырмыз, бізге бұл не үшін керек және қандай нәтижеге жетеміз деп санамызды жаңғыртып, процестерді қайта қарастырып, жаңашылдықтарды енгізуіміз қажет.
Мысалы, қазір халық санағын жүргізіп жатырмыз. Әр он жыл сайын жасалатын өте ауқымды іс шара. Біз бұл процесті автоматтандырдық. Бірақ егер біз қазір ойға алған трансформация жобаларын сәтті іске асыратын болсақ, болашақта тіпті халық санағын жүргізу қажет болмайды, мұндай ұғым архаизмге айналады.
Жалпы, технологиялық даму кезеңінде, әрине, біз ұлттық мәселелерге, соның ішінде мемлекеттік тіл мәселесіне ерекше көңіл бөлуіміз керек. «Қазақ тілі – технологияның тілі емес» деген стереотипті жоюмыз қажет. Сілтемеде министр Мусин Бағдаттың сөзінен үзінді жарияланған:
Қазір цифрлық трансформация барысында сервистердің мемлекеттік тілдегі нұсқасының сапасына назар аударып, мемлекеттік ақпараттық жүйелер интерфейсіндегі «қазақ тілінің жағдайына» сараптама жасап жатырмыз. Astana Hub халықаралық технопаркі қазақтілді блогерлермен шығармашылық байланыс орнатып, қазақша онлайн контенттерді ұлғайтуға үлес қосуда.
Бүгін Astana Hub аясында қазақ тілін дамытуға бағытталған Qaz Startup Battle бәйгесін ұйымдастырдық. Біздің осы бастамамызды қолдап, жас стартапшыларды бағалауға арнайы келген қазылар алқасының мүшелері Алишер Еликбаев, Murat Zhumanbay, Rauan Kenzhekhan және Ануарбек Жалел сияқты беделді азаматтарға алғыс айтамын.
13 ІТ-компания өз стартаптарын ұсынды. Нәтижесінде ең үздік үштік анықталып, Qlang маркетплейс және онлайн-платформасына 2 млн теңге; Joo.kz абитуриенттерге арналған сервиске 1 млн теңге; On Moms жүкті әйелдерге арналған мобильді қосымша стартапына 500 мың теңге ақшалай грант табыстадық. Және Рауан Кенжеханұлы «Ұлттық Аударма бюросы» қоғамдық қорының атынан қосымша 1 млн теңге бөліп, тағы екі стартапты – TED Project карьераны жоспарлау веб-платформасы мен Speech Lab сөйлеу технологиясы сервисін марапаттады.
Баттлға қатысқан барлық стартапшыларға алғыс айтып, ризашылығымды білдіремін! Біздің үміт артып отырған жасампаз, білімді жастарымыз осылар.
Ыбырай атамыз мұндайда:
Біз болмасақ сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды,- деген екен- деп министр Бағдат Мусин өзінің парақшасында жазба қалдырған.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?