Будапештте Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігі Мажарстанның Сыртқы істер және сауда институтымен бірге Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан: 30 жылдағы негізгі жетістіктер» атты дөңгелек үстел өткізді. Шара барысында Мажарстан Премьер-Министрінің сыртқы саясат жөніндегі аға кеңесшісі, Венгрия Ұлттық Жиналысының депутаты Янош Бала, «Мажарстан-Қазақстан» парламенттік достық тобы басшысының орынбасары, Сыртқы істер институтының директоры Шандор Ковач мырза негізгі баяндамашылар ретінде сөз сөйледі. Сонымен қатар дөңгелек үстелге Венгрияның Сыртқы істер және сауда министрлігінің, дипломатиялық корпустың, академиялық, сарапшылық және іскер топтардың өкілдері қатысты.

Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдірашов алғысөзінде қатысушыларға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен қол жеткізілген ел жетістіктері, Республика Президентінің жүргізіп жатқан саяси реформалары туралы хабардар етті. Елші өз сөзінде тәуелсіздіктің отыз жылын үш онжылдыққа бөліп қарастырып, оның әрқайсының тарихи маңызына тоқталды. Сонымен қатар Қазақстан мен Мажарстанның тарихи тамырластығы, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы жоғары деңгейдегі ынтымақтастығы жайлы сөз болды.

«Әсіресе Мажарстанда тұратын қыпшақ ағайындармен тығыз қарым-қатынас орнатуға үлкен көңіл бөлетінімізді атап өткім келеді. Сондай-ақ қазақ және мажар халықтарының бай мәдени мұрасының дәнекері — түркітілдес халықтардың Құрылтайы», — деп атап өтті Жәнібек Әбдірашов.

 

Янош Бала мырза өз сөзінде Қазақстан тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде экономикасы дамыған құқықтық мемлекет ретінде танылып, сыртқы саяси аренада орасан зор табысқа қол жеткізгенін атап өтті. Шандор Ковач мырза қазіргі Қазақстан — халықаралық қоғамдастықта зор беделге ие, сондай-ақ Мажарстанның сенімді серіктесі екенін атап өтті. Венгрия Сыртқы істер және сауда институтының сарапшысы Ласло Васа мырза Қазақстанның ядролық қаруды таратпау саласындағы, сондай-ақ қоғамды демократияландыру мен адам құқықтарын қорғауға бағытталған саяси реформаларды дәйекті жүзеге асырудағы табыстарын жоғары бағалады.  Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстан басшылығының тәуелсіз және қуатты мемлекет құрудағы сіңірген еңбегін атап өтті.

Жанар Нұрышева, журналист

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?