Терроризмге қарсы операция режимін алып тастау және террористік қауіп деңгейлерін төмендету туралы, ҚР ҰҚК баспасөз қызметі мәлімдеді.

(Терроризмге қарсы күрес жөніндегі

республикалық жедел штабтың ақпараты бойынша)

 

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штаб
2022 жылғы 26 қаңтарда сағат 00.00-ден бастап Алматы, Жамбыл облыстарында және Алматы қаласында терроризмге қарсы операция режимі және террористік қауіптің шекті «қызыл» деңгейі алып тасталатыны туралы хабарлайды.

Осы уақыттан бастап көрсетілген өңірлерде террористік қауіптің жоғары «қызғылт сары» деңгейі орнатылады.

Нұр-Сұлтан қаласында террористік қауіптің жоғары «қызғылт сары» деңгейі және Батыс Қазақстан облысында қалыпты «сары» деңгейі сақталады.

2022 жылғы 26 қаңтарда сағат 00.00-ден бастап Қарағанды облысының Балқаш қаласында және Солтүстік Қазақстан облысында террористік қауіптің қалыпты «сары» деңгейі тоқтатылады.

Әрекеттегі шектеулер жағдайында жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар мен оған қатысушыларды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу жалғасуда.

Қару мен жарылғыш заттарды табу мақсатында құқықтық тәртіп органдарына көлік құралдарының қозғалысына бақылауды жүзеге асыруға және оларды толық қарауды жүргізуге рұқсат етіледі.

Азаматтарға төзімділік танытып, құқық қорғау органдарының жұмысына түсіністікпен қарауды, олардың заңды талаптарын қатаң орындауды сұраймыз.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?