Шиелі ауданындағы № 270- мектепте жұмыс жасайтын зауыш Ким Омегаға қатысты ата-аналармен мұғалімдер асарсында шу шыққан. Оған себеп болғаны, аталған мектеп зауышы Ким Омега, «Қазақстар сендер итсіңдер»- деген сөз айтқан көрінеді. 

Бұл сөздерге дес бере алмаған мектеп мұғалімдері жиналып мектеп ішінде өз наразылықтарын білдіріп, арты  айқай- шуға ұласқан. Мектеп мұғалімдерінің арасында тіпті наразы ата-аналарда бар секілді. Дегенмен кешеден бастап әлеуметтік парақшаларда жарияланып жатқан ақпараттарға басшалық тарапынан ешқандай ресми мәлімдеме берілген жоқ. Ал ашынған мұғалімдер «Ким Омега мектептен кетсін»-деген талаптарын айтып, егер дүйсенбі күні яғни ақпанның 7- жұлдызында мектептен кетпесе, біз мұғалімдер мектепке жұмысқа келмейміз деп, мектеп зауышы Омега Киманің мектепте  қалуына қарсылықтарын көрсеткен.
Аталған шағымдарға 49 мұғалім қол қойды- деп хабарлады «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігінің Қызылорда облысындағы өкілі Айгуль Баймурзаева
 Ал аталған зауыш,  мектеп мұғалімдерінің айтуынша, мектептегі зауыш мұғалімдердің үйлеріне барып қысым көрсетіп, отбасының тыныштығын бұзып, тіпті өсек тасуға да көшкен көрінеді. Кейбір балаларқа қорлық көрсеткені туралы да айтқан педагог көз жасына ерік берді.

 

Дүйсенбі күні басшылық қандай шара көретінін, мұғалімдердің әрекеттерін тек бақылаудан басқа ақпарат тарату мүмкін емес. Енді облыстық білім басқармасының мәлімдемесін күтуге мәжбүрмін.
«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі
Қызылорда облысынан

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?