Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістар департаментінің Әл-Фараби аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының салық бақылау бөлімінің басшысы Дәурен Қалдыбаев, өзінің қол астында жұмыс жасайтын жетекші маманы Қайрат Даужановты жұмыстан өз еркімен кетіру үшін 2 бұйрыққа күштеп, қорқытып қол қойдырғаны туралы, жәбірленуші Қайрат Даужанов, біздің «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігіне келіп сұхбат берді.
 
— Тікелей өзімнің басшым Қалдыбаев Дәуреннің қысымы мен жұмыстан босатып, ақша бопсалап, жалған ақпаратты басып алып, мен туралы, мені қорқытып, өз еркіңмен жаз, жазбасаң жағдайың нашар болады- деп, мені қинап отырып бір емес, екі бұйрыққа қол қойдыртып жұмыстан босатады- дейді өз сұхбатында жәбірленуші Қайрат Даужанов.
Бопсалап моральді қысым берген бөлім басшысы Даурен Қалдыбаев, өзінің қызметкері Қайрат Даужановты, қандайда бір аудио жазбасы бар екенін айтып, мәжбүрлеу арқылы бопсалап жұмыстан өз еркіңмен кетуін талап еткен көрінеді. Жәбірленуші Қайрат Даужанов жұмыстан кеткен соң ақша бопсалауға көшкен. Тәбеті 5000 АҚШ доллар болған бөлім басшысы Даурен Қалдыбаев, кейіннен тағы да моральді қысымын доғармастан, аудио жазба, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке берілетінін айтып, 5 000 000 теңге талап еткен.
Басшысынан қысым көрген жетекші маман Қайрат Даужановтың дер кезінде құзырлы органдарға шағымдануының арқасында, аталған оқиға сотқа дейінгі тергеп- тексеру барысында және сотта, Дәурен Қалдыбаев өзінің жасаған іс-әркеттерін торлығымен мойындаған. Сот үкімі күшіне де енген. 
 Аталған алаяқтық әрекеттер сотпен расталып өз дәлелін тапса да, жәбірленуші Қайрат Даужанов өзінің қысыммен бұйрыққа қол қойылғанын дәлелдей алмай, өзінің жұмыс орнына қайта орналаса алмай отыр.
   -Мен өзімнің жұмысыма қайта орналасуыма, азаматтық іс бойынша  арыз тастасам, Әль-Фараби аудандық сотының судьясы  М. Қалмырзаева, менің арызымды қанағаттандырусыз кері қайтарды. Себебі Қалдыбаев Дәурен өзі мойындамаған сотта дәлелденбеген-деп маған шешім шығармай отыр. Бірақ менің дәлелім толық бар. Судья Болат Қарабаевтың үкімінде нақты көрсетілген, Қалдыбаев өзінің кінәсін толық мойындағанын, мені қинаған, қинап отырып арыз жаздырған, ақша талап еткені, істеген ісінің бәріне өкінетінін толық мойындап отыр. Менің қарным ашатыны, судья менің ісімді толық қарамай атүсті қарап отыр. Барлық судьяға кір жақпаймын- дейді жәбірленуші Қайрат Даужанов
Енді жәбірленуші Қайрат Даужанов Шымкент қалалық сотына апелляциялық арыз өткізіп, тікелей президентке ашық хат жолдауға бел буып отыр.
Сардар Әбдіжақия, Шымкент қаласы
 

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?