Түркістан облыстық сотында аудандық соттардың мамандануының барлық түрлері бойынша онлайн-режимде семинар сабақтарының соңғы кезеңі өтті. Бұл туралы Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Семинарға облыстық соттың алқа төрағалары, судьялары, экономикалық, Кентау қалалық сотының, Түркістан қалалық сотының, Отырар және Созақ аудандық соттарының судьялары қатысты.
Судья Д.Бейсембекованың қайтыс болу фактісін анықтау туралы тақырыбындағы баяндамасы жыл бойы республика деңгейінде көтерілген заңды фактінің ең өзекті түрлерінің бірі болып табылады. Сондықтан осы тақырыптағы пікірталастар қызу болды.
Меншік құқығы, кепілдік берілген конституциялық құқық ретінде, оның ішінде сатып алу мерзімі бойынша туындайтын, сондай-ақ өз бетімен салынған құрылыс жөнінде судья Д.Қонысбаева баяндады.
Сондай-ақ алқа төрайымы Г.Егембердиева, судьялар С.Кусембаева және Ж.Дербісалиева әкімшілік талап-арыздарды қайтару және түскен іс бойынша соттың іс-әрекеті жөнінде бүгінгі күні маңызды тақырыпты қозғады.
Семинар барысында сот істерін қарау барысында туындайтын өзекті мәселелері талқыланды. Мысалы, азаматтық дауды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу тәртібі, сот актілерінің ҚІЖК-не және «Сот үкімі туралы» нормативтік қаулыға сәйкестігі, жаза тағайындау кезінде заңдылықты сақтау туралы, қылмыстық сот ісін жүргізудің процестік мерзімдері, соттардың «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің Ерекше бөлігінің нормаларын қолдану мәселелері жөніндегі тақырыптар қамтылды.
Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?