Қасым-Жомарт Тоқаев оқушылар сарайына барды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі мәлімдеді Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы жұмыс сапарының бағдарламасына сәйкес Алматы қаласындағы маңызды архитектуралық ескерткіштердің бірі – Оқушылар сарайын аралап көрді.

Президентке ғылым-білім орталығын қайта қалпына келтірудің және жаңғыртудың алғашқы кезеңінің нәтижелері мен жоспары туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінің балалардың бос уақытын тиімді өткізуге жағдай жасау үшін атқарып жатқан жұмыстары жөнінде айтылды.

Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың көркем шығармашылық жұмыстарының көрмесімен және Сарайдың жаңа инновациялық қызметімен танысты.

Мемлекет басшысы биология және нейротехнология, гидропоника, 3D  модельдеу және робот жасау зертханаларын, сондай-ақ анимация, дыбыс жазу, білім беру медиажобаларына арналған студияны аралап көрді.

Мемлекет басшысы оқушылармен әңгімелесті және оларды Наурыз мерекесімен құттықтады.

Президент балаларға сыйлықтар тарту етті, соның ішінде мобильді құрылғы арқылы басқарылатын соңғы үлгідегі оқу телескопын сыйға тартты.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Оқушылар сарайына автобус сыйлады.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?