Мемлекет басшысы Үстел теннисі орталығына барды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі мәлімдеді Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының барлық талабына сай келетін Алматыдағы жаңа Үстел теннисі орталығын аралап көрді.

Президентке спорт кешенінің инфрақұрылымы таныстырылды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы жас спортшы қызбен теннис ойнады.

Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев жас спортшыларға сәттілік тілеп, теннис ракеткасына қолтаңба жазып берді.

Заманауи орталықта жарыс өткізетін 12  және жаттығу жасайтын 24 үстел бар. Зал үстел теннисіне қажетті алты автоматты тренажермен, кәсіби бейне және аудио құрылғылармен, көрермендерге арналған 328 орындықты трибунамен жабдықталған.

 

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?