Халықтар достығы орденді К.Станиславский атындағы Қарағанды облыстық орыс драма театрында Алғыс айту күні аталып өтті. Қазақстандықтардың ортақ мерекесіне айналған, елімізде тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың бірлігін паш етіп, бір-біріне деген алғысын арттыратын бұл айшықты мереке елімізде осымен төртінші рет көктемнің алғашқы күні 1 наурызда өтуде. «Өз тарихыңды ұмытпа және оны мақтан ет» негіздемесінің аясында өткен атаулы шарада жергілікті қымыз бен құрт өндірушілердің, облыстық тарихи-өлкетану мұражайы экспонаттарының «Ұлы Даланың жеті қыры», саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайының «Зұлмат жылдар жадымда» көрмелері қойылды. Сондай ақ, театр холлында, Достық үйінің шығармашылықты дамыту шеберлік сабақтарында этномәдени бірлестік өкілдерінің жасаған «Ұлы Дала әнұраны» атты киіз бұйымдары да халыққа ұсынылды.
Шараға Қарағанды облысының әкімі Е. Қошанов, Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, барлық этномәдени бірлестіктердің, жастар қанатының өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Алғыс айту күнінің 1 наурыз аталып өтілуі тегін емес, дәл осы күні 1995 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған болатын. Әлеуметтік және тарихи халықтық зердені байланыстырушы және біріктіруші ұлттық кодтың адамгершілік императиві ретінде Алғыс айту Қазақстанда ерекше мәнге ие бола бастады.Алғыс айту тек ризашылық білдіру емес, бұл – баға жетпес құндылық, қасиетті қазақ елінің игі дәстүрлерінен бастау алатын ізгіліктің жарқын үлгісі.
Репрессия жылдарында туған жерінен қуылып, вагондармен ашық далаға әкелініп тасталған бірнеше млн. өзге ұлт өкілдері қазақ отбасыларынан пана тапты. Өзі де әупірімдеп күй кешкен қазағымыз оларды өзегінен теппей, мейірбандылық танытты.
Сондықтан да Қазақстанда тұратын 100 ден астам этностар бұл күннің маңызын жақсы біледі әрі құрметтейді. 
Репрессия жылдарында туған жерінен қуылып, вагондармен ашық далаға әкелініп тасталған бірнеше млн. өзге ұлт өкілдері қазақ отбасыларынан пана тапты. Өзі де әупірімдеп күй кешкен қазағымыз оларды өзегінен теппей, мейірбандылық танытты.
«Әр жер аударылған отбасының сол бір зұлмат жылдардан айтары бар. Үлкендеріміз бізге бір үзім нанның қадірі мен татулықтың, мейірімділіктің мәнін ылғи айтып отыратын. Біз мұны жадымыздан әсте шығармаймыз. Қазақ еліне мың алғыс айта отырып, мемлекетіміз биік мұраттарына жете берсін деймін. Ал кейінгі толқын жастар бейбітшілк пен келісімді көздің қарашығындай сақтасын дейміз»,- дейді Понтос грек орталығының төрайымы Деспина Касапиди.
Бұл күні ұлттық киімдерін киіп, бірін-бірі құшағын жая құттықтап жатқан этностар мен қонақтар Юнеско Клубтары Қазақстан Ұлттық Федерациясының Қарағанды облысындағы жергілікті мектебінің үздік сурет жұмыстар көрмесін тамашалады. Бір ерекшелігі, көрме аясында мольбертте аяқталмаған сурет пен қылқалам, бояулар да қойылды. Қонақтар аталмыш суретке өз үлесін қосып, жұмысты жалғастырып жатты. Аяқталған сурет «Достық» композициясымен мерекенің мерейін асырған қаламыздағы «Балақай» бала бақшасының кішкентай өнерпаздарына сыйға тартылды. Шараның екінші бөлімі Ғалым Жайлыбай поэмасының желісімен қойылған Серке Қожамқұлов атындағы Жезқазған театрының «Қара орамал» спектаклімен жалғасты. Әскери тұтқындарға арналған Қарағанды лагері жайлы баяндайтын қойылым көрерменге ерекше әсер етті.
Спектакльден соң сөз алған шешен-ингуш орталығының төрағасы Увайс Джанаев:
«Құрметті қарағандылықтар! Біз бүгін баршамызға ортақ және жарқын мереке – Алғыс айту күнін атап өтіп отырмыз. Бұл айтулы күнде қазақ халқы сонау қиын қыстау уақытта орын алған оқиғаларды санада қайта жаңғыртуға тарихқа үңіледі. Мейірімділік пен ізгілік , өзара түсіністік пен сыйластық көпұлтты мемлекетімізде ерекше достық үрдісін қалыптастырды. Бұл күн – тағдыр тәлкегімен қуғынға ұшырап Қазақстанға қоныс аударған этностардың қазақ еліне ризашылығы мен бір-біріне деген риясыз құрметін білдіретін мәні терең күн. Біздің халқымыз небір қиын-қыстау уақытты басынан өткізді. Соғыс, ашаршылық секілді азапты күндерді көрді. Алайда, тілі басқа, діні бөлек жер аударылып келген көптеген халықтарға қамқор бола білді. Өзегінен теппей, басын өз шаңырағының астына біріктіріп, олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді. Қиын-қыстау уақытта бір тілім нанымен бөлісіп, сүйеу болған қазағымыздың жерінде сол достық, сол келісім мен бейбітшілік сақталып,әлімсақтан кеңпейілділік пен мейірбандықты жанына серік еткен ұлы бабаларымыздың дәстүрі күні бүгінге дейін үзілмей келеді. Әлгінде ғана баршамыз жаңа ғана Ғалым Жайлыбайдың «Қара орамал» спектаклін тамашаладық. Осы тамаша қойылымды сахналаған режиссер мен Серке Қожамқұлов атындағы театр ұжымына алғыс білдіремін.
Шын жүректен қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Отбасыларыңызға және жақындарыңызға бірлік пен береке тілеймін!»,- деді. Тарихқа көз жүгіртіп, өткен күннің елесін санамызда қайта жаңғыртатын бұл атаулы күн шынында да маңызды. Алғыс айту күні – ел дамуының қазіргі кезеңінде мерекеленетін, ортақ тарихымызға негізделген азаматтық бірегейлік пен бірлікті нығайтуға және дамытуға ықпал ететін мейрам.

«Асатрлы ақиқат» ақпарат агенттігі Қарағанды облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?