«Баршаңызға өз парақшамнан сәлем жолдаймын және назар аударғандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Менің айналамда өте күрделі жағдай орын алуда. Мені ұстау, 10 тәулікке қамауға алу және менің изоляторда жатуым — бұл тек менің конституциялық құқықтарымды бұзу ғана емес, сондай-ақ ҚР Қылмыстық Процестік Кодексті де бұзу деп ойлаймын. Мен қылмыскер емеспін, алайда мені ұстау үшін 5 автокөлікке мінген бүтіндей топты жіберген. Мен олардың іс-әрекеті ҚР ҚПК-н бұзатынын айтқанмын. Олардан менің жазықсыз екендігімді дәлелдейтін, яғни бір-екі күнде шешуге болатын материалдарды жинап, оларға ұсынуым үшін бірнеше сағат сұрадым. Бірақ маған әділдікті басқа жерден іздеуім керектігін айтты. Бұл жағдайлар менің қамалуым біреуге өте қажет болған шығар деген ойға итермелейді. Қазақстан республикасының Ішкі істер министрі Ахметжанов Марат Мұратұлынан осы жағдайды тексеріп, маған және ҚР ҚПК-ін бұзған полиция қызметкерлеріне қатысты заңды шешім қабылдауын сұраймын»- деп  өзінің парақшасында мәлімдеді Данияр Мейрхан.

Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?