Ағымдағы жылдың ақпан айында Шымкент қаласындағы Абай аудандық сотына, ҚР ҚК-нің 106- бабы, яғни «денсаулыққа қасақан ауыр зиян келтіру» және , 293- бап, бұзақылықпен сот құзырына іс-материалдары келіп түскен. Аталған қылмыстық іске, Шымкент қаласы, Абай аудандық сотының төрағасы Д. Мұратбекұлы төрағалық етті. Денсаулығына қасақана ауыр зиян келіп, бұзақылықтың құрбанына айналған Р. Ш. есімді азаматттың, қорғаушысы, белгілі адвокат Гулжазира Мыңбаева қатысуында, дауласқан тараптар қылмыстық істі, бір-бірлеріне кешірім беріп, медиация жүйесі арқылы мәмілеге келіп, қылмыстық іс қысқартылды. Мемлекеттің талабы болған «партисипативтік» және «медиация» жүйесіндегі көп қолданыста жүрген медиация, Абай аудандық сотының төрағасы Д. Мұратбекұлының қарауындағы қылмыстық істе қолданылып, наурыз айында межесіне жетті.
Адвокат Гульжазира Мыңбаева
Адвокат Гульжазира Мыңбаева
ҚР  ҚК-нің 293- бабы 2- бөлігі 1) тармағымен және 107- бабы 2- бөлігі 4),5) тармақтарымен айыпталған сотталушылар Б.А. Д.,  Б.А.Е., Е. және Р.А.Е. есімді азаматтар ҚК-нің 68- бабы 1-бөлігінің негізінде жәбірленушілер Р.А.Ш. және М.Б.А.  медиация тәртібімен татуласуына және келтірілген зиянды қалпына келтіруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылсын, оларға қатысты қылмыстық іс өндірістен тоқтатылсын- деп судья Дидар Мұратбекұлы қаулы етті.   
         Медиация жүйесі, дауласқан тараптардың татуласуы ғана емес, тіпті, адамдардың төс қағысып, кешіріммен келісімге келіп, сауап іс жасағанында ескерген жөн.
«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі
Шымкент қаласынан

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?