Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департамент басшысының назарына ұсынылған ақпаратын журналист Салтанат Әшірәлі өзінің фейсбук парақшасында жариялады.
Журналист Салтанат Әшірәлі
Журналист Салтанат Әшірәлі
Түркістан облысы бойынша цифрландыру, мемлекеттік қызметтерді көрсету және архивтер басқармасының басшысы Утебаев Елнур Рахымбердыевичпен жеке кәсіпкер Джумабекова Сауле Кудияровна екеуі, құны 14 285 714. 28 теңгеге келісім шарт жасасқан. Келісім шарт бір көзден түзілген. Кәсіпкердің қызметі, «бағдарламалық қызмет көрсету». Бір қызығы 2019 жылы қарашаның 13-не (номері-86) келісім шарт түзілсе, 2019 жылы 29 қараша күні АКТ қабылданған, осындай аз ғана уақыттың ішінде 14 млн. теңгеден аса ақшаға қандай қызмет жасап үлгерді екен?
Бір жыл өткен соң тура осы қараша айында (номер-121) келісім шарт Утебаев Елнур мен Джумабекова Сауле арасында қайта түзіліп бұл жолы құнын 9 200 000 теңгеге ақпараттық жүйеге қызмет көрсету және техникалық қолдау көрсету қызметтерін көрсету керек болатын және бұл жұмыстарды бір айдан өте уақытта жасалды деп қол қойып, қабылдап отыр. 2021-ші жылы, ақпан айының 7-ші жұлдызында номері 8-ші келісім шартта Утебаев Елнурмен Джумабекова Сауле екеуі арасында тағы да 9 200 000 теңгеге қайта келісім шарт түзіліп «ақпараттық жүйеге қызмет көрсету және техникалық қолдау көрсету» қызметтерін көрсетті делінген.
2020 жылғы (номер-121) келісім шартында бір айда емес, бір жыл көлемінде игергенін ашық дереккөздерден көруге болады. Жоғарыда көрсетілген қызметтерді, Джумабекова Сауле ,,Service365”ЖШС -і арқылы көрсеткен .Бұл жерде таң қалатын тағы бір жағдай бар ,,Service365”ЖШС -де қызметкерлер саны біреу-ақ көрсетілген, бір ғана қызметкер осынша қызметті жасай алады ма деген күмән туады. Сонымен қатар, жеке кәсіпкер Елеуп Арман Серикович 29.12.2021ж. жеке кәсіпкер болып тіркеледі . 12.01.2022ж. мемлекеттік сатып алу порталына тіркелген.
Бұл кәсіпкердің жолы болып, ең бірінші келісім шартының құны 11 260 000 теңгеге бірақ барған.
,,Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтерді көрсету және архивтер басқармасына қарасты мемлекеттік коммуналдық мекеме басшысы Байдуллаева Жанна, ғимаратты жалға алып отыр. 30.03.2021 жылы 1 023 000 теңгеге жұмысты қабылдап АКТ қа қол қояды. Тура осы күні тағыда 1 023 000 теңгеге АКТ жабады . Бұл жерде бір айда, екі рет ақша төлегенін түсіну қиын емес. Жеке кәсіпкер Елеуп Арман мемлекеттік сатып алу порталында, келісім шарттарда Джумабекова Сауле көрсеткен номерді көрсетіп отыр. Бұл жерден мен екі кәсіпкердің бір байланыс номерін көрсетуін сәйкестік деп ойламаймын.
Жоғарыда көрсетілген қызметтерді мемлекеттің қаржысын үнемдеместен талан таражға салу деп санап, осы бойынша арнайы тексеріс тағайындап зерттеу керектігін, тиістілі органдарға шағым білдірген дұрыс болар. Бұл фирмалар мемлекет қаржысын қолды қылып отыр деп ойлаймын.
Салтанат Әшірәлі

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?