Тергеп-тексеру құжаттарын бұрмалаған тергеуші қылмыстық жауапкершілікке тартылды- деп, Шымкент қаласының прокуратурасы хабарлады.
2016 жылы Шымкент қаласының аумағында 8 жәбірленушіге қатысты белгісіз тұлғалармен ұрлықтар жасалып, қылмыстық істер қозғалған.
Аталған ұрлық қылмыстары 2022 жылға дейін ашылмағаннан кейін, «Е» есімді тергеуші 8 жәбірленушіге қатысты ұрлық қылмыстарына «М» есімді азаматтың ұрламағанын біле тұра 8 жәбірленушіні алдап, кешірім арыздарын алып «М» -ға қатысты істі ақталмайтын негіздермен қысқартқан.
Алайда ұрлық қылмыстары жасалған уақытта «М» есімді азамат басқа қылмыс түрімен түрмеде жазасын өтеп жатқан.
Яғни ашылмаған қылмыс бойынша есептік көрсеткіштерін көтеру мақсатында дәлелдемелерді бұрмалаған және «М» -ны заңсыз қылмыстық жауаптылыққа тартқан.
Абай аудандық соты «Е» есімді тергеушінің әрекетінде қылмыс құрамы болмаған деген негізбен ақтаған, апелляциялық сот ол шешіммен келіскен.
Қалалық прокуратура сот актілеріне кассациялық өтінішхат келтіріп, Жоғарғы Сот қолдап, тергеушінің әрекетінде аталған фактілердің болғандығын жоққа шығармаған.
Нәтижесінде сот актілері бұзылып қайта қарауға жолданып, жаңа сот талықлауында тергеуші кінәсіз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту мен дәлелдемелерді бұрмалағандығы үшін ҚК-тің 412-бабының 1-бөлігі, 416-бабының 4-бөлігімен сотталды.
Шымкент қаласының прокуратурасы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?