Антикор кәсіпкерден ақша талап еткен қылмыстық топтың мүшесін ұстады- деп хабарлады «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кәсіпкерден Мемлекеттік сатып алу туралы конкурста жеңімпаз деп танығаны үшін елорда квазимемлекеттік секторы субъектілерінің бірінің басшылығына пара ретінде арналған ақша қаражатын талап еткен криминалдық топтың өкілін әшкерелеу бойынша арнайы операция жүргізді. А.ж 25 маусымында аталған адам 15 миллион теңге алған кезде ұсталып, тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды. Ұсталғандардың тұратын және баратын жерлерінен тіркелмеген жауынгерлік атыс қаруы – «ТТ» және «Smith&Wesson» маркалы тапаншалары мен олардың патрондары, сондай-ақ қолдан жасалған жарылғыш құрылғының муляжы, кастет, пышақтар және суық қарудың басқа да түрлері табылып, тәркіленді. Кінәлілік туралы қорытынды шешімді сот анықтайды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?