Берік Асылов қаңтар оқиғасы туралы мәжілістің жалпы отырысында сөз сөйледі. Бұл туралф ҚР бас прокуратурасы мәлімдеді.

Бас Прокурор Қаңтар оқиғасы жайлы Мәжілістің жалпы отырысында:
Өкінішке орай, қоғамда – бейбіт митинг өткізу мәдениеті қалыптаспағанын, мойындауымыз керек.
Адамдар жиналып, көшеге шыққан кезде бейбіт Митингтер туралы заңның барлық нормаларын бұзды.
Ұйымдастырушылар – әкімдікті хабардар етпей, мыңдаған адамды жинады.
Ватсап пен Телеграм арқылы тәртіпсіздікке қатысушылардың жиналуын және қозғалысын үйлестірген.
Алматыда санаулы сағаттар ішінде, бір топта – қатысушылар саны, 5 жарым мыңға дейін көбейді.
Сол сияқты, Жамбыл облысында чатта қатысушылар саны 4 мыңға дейін өсті.
Кейін «тобыр әсері» орын алып, адамдар полицияның заңды талабын орындамай, қарсылық көрсетті. Өртеп, тонады және күш қолдана бастады.
Ал бұл дегеніміз – нағыз қылмыс.
Бұл үшін Алматыға арнайы көрші облыстардан адамдар келген.
Кейін жағдай одан әрі ушыға түсті.
Тек бір күнде – 5 қаңтарда 8 өңірде әкімдіктерге шабуыл жасалды.
Тәртіпсіздікке қатысушылар үшін, олар бірінші кезектегі объект болды. Оларды – биліктің символы ретінде, басып алғылары келді.
5 қаңтарға қараған түні шабуылдаушылар Алматы әкімдігінің ғимаратына басып кірді.
Бір сағаттан кейін, Шымкенттегі әкімдік ғимаратына шабуыл басталды.
Сол күні, сағат 15-те қылмыскерлер Атырау мен Қызылорда облысы әкімдіктерінің ғимаратына шабуыл жасай бастады.
Шамамен сол уақытта Алматыда шабуылдаушылар әкімдікті өртеп, Президент резиденциясына қарай бағыт алды.
Астана қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *