Алматы академиясы ҚР әскери және арнаулы оқу орындары қауымдастығының төрағасы болып бекітілді. Бұл туралы Алматы қаласындағы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы мәлімдеді.

ІІМ Алматы академиясында Қазақстан Республикасының әскери, арнаулы оқу орындары Қауымдастығының бірінші отырысы өтті. Бұл іс-шара тарихи сипатқа ие болып отыр, 2022 жылдың қазан айында құрылған Қауымдастық жұмыс істеу шеңберінде күштік ведомстволардың оқу орындары арасындағы осындай тығыз ынтымақтастық орын алуда.
Отырысты өткізу барысында қатысушылар Қауымдастық туралы ережені қабылдап, осы ұйымның Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қазіргі заманғы стандарттарына жауап беретін жоғары білікті мамандарды даярлау жөніндегі білім беру және ғылыми ынтымақтастық салаларындағы біздің оқу орындарымыздың арасындағы байланыстарды дамыту мен үйлестіру жөніндегі жұмысы шеңберінде бірлескен жоспарларды межеледі.
ӘАОО басшыларының бірауыздан шешімімен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы ағымдағы кезеңге Қазақстан Республикасының әскери, арнаулы оқу орындары Қауымдастығының төрағасы ретінде бекітілді.

Алматы қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *