Айыптау үкімінің күші жойылып ақтау үкімі жарияланды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады
Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасымен, бірінші сатыдағы соттың үкімімен, ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінің 1), 3) тармақтарымен (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен аса iрi мөлшердегі психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз сақтау) қылмыстық атқару жүйесінің қауіптілігі орташа мекемесінде 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген П. және И. азаматтарға қатысты қылмыстық істі қарап, оларға ақтау үкімін жариялады.
Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы і сті қарау нәтижесінде сот алқасы бірінші сатыдағы соттың айыптау үкімінің;1) Сот үкімінің күшін жоюға іс бойынша алдын ала тергеу барысында пәтерге және көлік қоймасына жүргізілген тінтулер заң талаптарын бұзушылықпен жүргізілгендігі, яғни тінту барысында полиция қызметкерінің бейнежазбада жалғыз болғандығы;2) іс бойынша жүргізілген сараптамаларға сәйкес алынған психотроптық заттарда сотталушылардың іздерінің болмауы;3) сәйкестендіруге жарамды материалдардың молекулалық-генетикалық сараптамасы белгіленбеуін негізге алып айыптау үкімінің күшін жойды
Кінәсіздік презумпциясын басшылыққа ала отырып, айыптау үкiмi болжамдарға негiзделе алмайтындығын және ол жол берілетін және анық дәлелдемелердiң жеткiлiктi жиынтығымен расталуға тиiстігін ескере отырып, сот алқасы П. және И.-ге тағылған айыптау бойынша қылмыс жасағандары дәлелін таппады деген қорытындыға келді және соның негізінде жаңа ақтау үкімін шығарды. Ақталғандарда қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тартылу арқылы келтірілген зиянды өтеткізу құқығы танылды.
Сонымен қатар сот алқасы алдын ала тергеу барысында жіберілген заң бұзушылықтар бойынша жекеше қаулы шығарды.
Шығыс Қазақстан облысы