Қасақана адам өлтіргені үшін 14 жылға қамалды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады
Бүгін, 2024 жыл 03 желтоқсанда Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен, ҚР ҚК- нің 99-бабы 1-бөлігімен айып тағылған С.-ға қатысты (адам өлтіру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату) фактісі бойынша қылмыстық іс қаралып үкім жарияланды.
2024 жылдың маусым айында С., алкогольдік масаң күйде болып Павлодар қаласындағы үйдің ауласында бұрынғы танысы К.-ны кездестірген. Әңгімелесу барысында олардың арасында сөздік кикілжің туындап, К. С.-ға былапыт сөздер айтып, сонымен қатар дене жарақатын саламын деп қорқытқан. Бұған жауап ретінде С., үйден асхана пышағын алып, көшеге қайта оралып, К.-ға осы пышақпен оның іші мен денесіне бірнеше рет пышақ сұққан. К., алған жарақатынан жерге құлаған кезде, С. соққы беруді жалғастырған. Соның салдарынан К., қылмыс орнында қайтыс болды.С. полиция қызметкерлерінің келуін күтіп, оларға еш қарсылық көрсетпеген.
Алқабилердің бірауызды кесімімен С., жәбірленушіні қасақана қазаға ұшыратуда кінәлі деп танылды, яғни ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігімен оған 14 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Сотталғандығының болуына байланысты С.-ның әрекеті қылмыстардың қауіпті қайталануы деп танылды.
Сондықтан жазаны өтеу орны болып, қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекеме тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Павлодар облысы