Балдардың мүгедектік мерзімін ұзартуға 500 мың алған. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында,  Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің №1 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарған «Б.» ға ҚР ҚК-нің 366-бабы 3-бөлігінің 4- тармағымен (мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам бола тұра бірнеше рет пара алу), және  Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының № 12 емханасының медбикесі  «И.»-ға,  ҚР ҚК-нің 368-бабының 2-бөлігімен (парақорлыққа бірнеше рет делдал болу, яғни пара берушiге және пара алушыға олардың арасындағы пара алу және беру туралы келісімге қол жеткiзуге және оны iске асыруға ықпал ету)   сараланған қылмыстық іске қатысты үкім жарияланды.
Б. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің №1 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарып жүріп, бірнеше рет балдардың мүгедектік мерзімін ұзарту бойынша жалпы 500 000 теңге пара алған.
Сонымен қатар, И. Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының № 12 емханасының медбикесі бола тұра, 500 000 теңге парақорлыққа делдал болған.
Сот, Б.-ны ҚК-нің 366-бабы 3-бөлігінің 4) тармағымен кінәлі деп танып, 23 333 333 теңге көлемінде айыппұл жазасын тағайындады.
И.-ға ҚК-нің 368-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, 10 000 000 теңге көлемінде айыппұл жазасын тағайындады.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Шымкент қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *