Бүгін Денсаулық сақтау министрлігінде биылғы жылы кәсіби борышын орындау кезінде көрсеткен қайсарлығы мен батылдығы үшін жедел медициналық жәрдем қызметінің қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
Екі фельдшер «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды, министр төрт фельдшерге адамдардың өмірін құтқару жолындағы қажырлы еңбегі үшін Құрмет грамоталарын табыс етті.
«Жедел медициналық жәрдем бүгінде мемлекеттік міндетті медициналық көмек (ТМККК) шеңберінде көрсетіледі. Сіздердің жұмыстарыңыз азаматтар үшін әлі де тегін және тәулік бойы, аптасына жеті күн қолжетімді»,-деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өзінің құттықтау сөзінде.

«Сіздер барлық ауыртпалыққа қарамастан адамдарды қиындықта қалдырмайтын нағыз батырсыздар. Осыған байланысты, Сіздердің еңбектеріңіз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін.», — деп түйіндеді министр.
Астана қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *