Судья өз-өзіне қарсылық білдірген. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Маңғыстау облысы Ақтау қаласы сотының төрағасы Шайдуллин Бауыржан Жауымбаевич 1978 жылы 25 қаңтарында дүниеге келген.
2001-жылы Аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемелкеттік университетін тәмамдап, 2003 жылы дәл сол оқу орнынада магистратураны оқып аяқтаған.
Өзінің еңбек өтілімін 2001 жылы 19- қарашада Маңғыстау облыстық сотында жетекші маман болып бастаған. Ал 2002- жылы 2008 жыл аралығында Маңғыстау облыстық сотында бас маман қызметін атқарған.
2008 жылы 2014 жыл аралығында Бауыржан Жауымбаевич Мұнайлы ауданында судья лауазымын атқарған. 2014 жылдан 2019 жыл аралығында Қарақия ауданы сотының төрағасы болған ол, 2019 жылдан бастап мемлекет басшысының жарлығымен Ақтау қаласы сотының төрағасы болып тағайындалған.
Естеріңізде болса 2024 жылы 7- мауысым күні 18 млн ақшалай қаражатын алды деген күдікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі судьяны қолға түсірген болатын. Судья Бауыржан Шайдуллин, ҚР ҚК-нің 24- бабының 3 бөлігі, 190 бабының 3 бөлігі 2 тармағы, 28 бабының 4 бөлігі, 367 бабының 3 бөлігі 2 тармағымен айып тағылып сотқа жолданған. Ал оның серігі Р.Д. есімді азамат ҚР ҚК-нің 190 бабының 1 бөлігі, 28 бабының 4 бөлігі, 367 бабының 3 бөлігі 2 тармағымен айып тағылып, қылмыстық іс 2024 жылдың 17- желтоқсанында сотқа жіберілген.
2025 жылдың 6 қаңтарында, өзіне келіп түскен қылмыстық іскке қатысты судья Г. Әділсұлтани өз-өзіне қарсылық білдіріп аталған қылмыстық істі қараудан бас тартқан. Судья Г. Әділсұлтани, әріптесі Бауыржан Шайдуллинді жиырма жылдан астам уақыттан бері танитындығын, өзімен де жанұясыменде жақсы қарым-қатынаста болғандығын көрсетіп, қылмыстық істі басқа судьяға беруді сұрап, өз-өзіне қарсылық білдірген.
Судья Г. Әділсұлтанидың өз-өзіне қарсылық білдіру арызын қараған судья А. Қызылбаева арызды негізді деп тауып қанағаттандырып қаулы қабылдаған.
Сардар Әбдіжақия
Маңғыстау облысы.