Денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген азамат шартты жаза арқалады. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Сәтбаев қалалық соты, 15.01.2025 жылы азаматтық некедегі күйеуі «С»-ның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген сотталушы «А»-ға қатысты ҚР ҚК-нің 106 бабы бойынша сараланған қылмыстық іске сот үкім жариялады.
25.10.2024 жылы сағат 18:30 шамасында сотталушы «А» өзінің ортақ таныстары «М»., «А», азаматтық некедегі күйеуі «С»-пен бірге, Сәтбаев қаласының үйлерінің бірінің аумағында спирттік ішімдік ішкен. Ішімдік ішу салдарынан және қызғаныш себебінен сотталушы «А» мен оның азаматтық некедегі күйеуі «С» арасында жанжал туындаған соң, сотталушы өзінің үйіне кетіп, пәтеріне кіріп есікті ішінен кілттеп алған.
Бұдан соң, азаматтық некедегі күйеуі «С» жан-жалдың нақты бір шешімге келмегеніне қанағаттанбай, есікті қағып пәтерге кірген. Пәтер ішінде екеуінің араларында туындаған жанжал одан бетер ушыққан. Жанжал барысында «С» сотталушы «А»-ға әр-түрлі балағат сөздер айтып, екеуі жұлқыласқан, осы сәтте сотталушы ас бөлмесінде бола тұра, сол қолына үстелдің үстіндегі ағаш сапты, ал оң қолына қара түсті ас үй пышақтарын алып, «С»-ның денсаулығына қасақана ауыр дәрежеде зиян келтіру туралы қылмыстық пиғылы соңына дейін жеткізу мақсатында, өзінің қылмыстық әрекеттері қоғамға қауіпті екенін және соңғының денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіретінін алдын-ала біле тұра, соның болуын іштей қалап, өзінің оң қолындағы сабы қара түсті асхана пышағымен күйеуі «С»-ның ішкі тұсына 1 мәрте соққы жасап, денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген.
Нәтижесінде, «С» «алдыңғы қабырға қуысынан енген пышақ жарақаты, геморрологиялық шок, алкогольдік масаң күйде болуы» нақтамасымен Сәтбаев қаласының орталық ауруханасына жеткізілген.
Сот үкімімен «А» ҚР ҚК 106-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 3 (үш) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалды.
ҚК-нің 63-бабы қолданылып, тағайындалған жаза шартты деп есептелді.
Сотталушы «А»-ға қолданылған «қүзетпен ұстау» түріндегі бұлтарпау шарасының күші жойлып, сот мәжіліс залында дереу қамаудан босатылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Ұлытау облысы