Шымкентте мектеп директоры және есепші сотталды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты, Шымкент қаласы білім басқармасының «№ 133 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің директоры мен
11.10.2024 жылы Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен 2 /екі/ жылға бас бостандығынан айыруға сотты болған бас есепшісі У.Д. Н., екінші рет ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен, ал директоры Әсель Байдосова ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен,
366-бабы 1-бөлігімен айыпталып сотқа берілген.
«№ 133 жалпы орта білім беретін мектебі» бас есепшісі У.Д. Н. барлық қаржы құжаттарына екінші қол қою құқығымен бас есепші қызметіне тағайындалған және олар мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға теңестірілген адамдар бола тұра, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен өздерінің қызмет бабын пайдаланумен ұштастыра отырып өздеріне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде иемденіп алу және талан таражға салу, яғни жымқыру мақсатында әрекет ете отырып, мектептің қаржысынан мұғалімдерге төленетін жалақы мен кезекті еңбек демалыстарына, өзге де төлемдерге артық көлемде ақша қаражаттарын аударып, У.Д.Н. мұғалімдерге ол ақшалардың артық аударылып кеткенін, мектеп директоры А.Байдосова бұл жағдайдан хабардар екенін айту арқылы өзі айтқан шоттарға аударым жасату немесе қолма-қол алу
арқылы бюджет қаржысын өздерінің пайдасына иемденуге келіскен.Осы мақсатта А.Байдосова мен У.Дадабеков 2022 жылдың ақпан айында мектеп ғимаратының қызметтік бөлмелерінде бола тұра, У.Д.Н. «1С бухгалтериялық қамтамасыз ету»
бағдарламасына қолдан түзетулер енгізіп, оны А.Байдосова өзінің бірінші қол қою құқығын пайдаланып бекітіп, У.Дадабеков «Қазынашылық-клиент»
ақпарат жүйесі арқылы бюджет қаражатынан артық ақша қаражатын аудару арқылы өздерінің электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырған.
Сотталушы У.Д.Н. сотта берген жауабында кінәсын толықмойындап, аталған мектепке 2021 жылдың соңында бас есепші болып жұмысқа орналасқанын. Іс жүзінде осы қылмыстың барлығын А.Байдосовамен келісе отырып бірге ұйымдастырғандарын. Өзі бас есепші ретінде мектеп мұғалімдеріне еңбек ақы мен өзге төлемдерге артық ақша есептеп, А.Байдосова өзінің электронды цифрлы қолтаңба /ЭЦҚ/ кілтімен оны бекітіп, ол ақшалар мұғалімдерге түскеннен кейін қате және артық аударылғанын айтып қайта аударым жасатып немесе қолма-қол алып, екеуінің арасында бөлгендерін. А.Байдосованың өзіне ЭЦҚ кілтін беріп қойғаны туралы уәжі негізсіз екенін, ақшаны А.Байдосоваға нақтылап апарып, қолма-қол беріп отырғанын. Сотқа дейінгі тергеп тексеруде берген жауаптарын толық қуаттайтынын, қазіргі кезде жасаған әрекетіне өкінетінін, асырауында алты жасөспірім балалары барын көрсетіп, өзіне бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады.
Мемлекетке аса ірі мөлшерде жалпы 71 625 356 (жетпіс бір миллион алты жүз жиырма бес мың үш жүз елу алты) теңгеге мүліктік залал келтірген.
Мектеп директоры А.К.Байдосова 2022 жылдың тамыз айында Шымкент қаласы білім басқармасының «№ 133 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сі директоры қызметін атқарып жүріп, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген тұлға бола тұра, өзінің лауазымдық жағдайына байланысты пара берушінің пайдасына жасаған әрекеті үшін өзіне ақша қаражатын параны алуға көмектесуші арқылы пара ретінде алу мақсатында, бала күтіміне байланысты декреттік демалыста
болған информатика пәнінің мұғалімі А.Д.-ның мерзімінен бұрын қызметіне кірісуі үшін 150000 теңге сұрап, ол қаражатты директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары арқылы пара ретінде қолма- қол алған.
Сотталушы А.Байдосова сотта берген жауабында өзіне тағылған айыптарды мойындамайтынын, өзінің кінәсіз екенін көрсетіп, ақтау үкімін қабылдауды сұрады.
Аталған қылмыстық іске төрағалық етуші судья М.З.Абдрасилов, аталған қылмыстық істі қарап, бас есепші болған У.Д.Н-ға ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны бойынша кінәлі деп танып 8 (сегіз) жылңа бас бостандығынан айырды.
мектеп директоры Асель Байдосоваға ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2- тармағымен, 366-бабы 1-бөлігімен қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны бойынша кінәлі деп танып, 8 (сегіз) жылға бас бостандығынан айыру жасасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Шымкент қаласы