Жаптым жала, жақтым күйенің кесірі кімге керек? Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.

Әлеуметтік желісінде, Сайрам аудандық полиция бөліміне қарасты полиция қызметкері деп,  Жанна Иманкулова есімді  келіншекке қатысты айыптау бағытында бейресми бірқаншама  ақпараттар Айгуль Құрманбек тарапынан жарияланған. Айгуль Құрманбек есімді азаматшаның фейсбук парақшасындағы, 2025 жылдың 8- мауысымында сағат 15:54 те,  Индира Бегалиеваның  айтылымдары жарық көрді. Аталған ақпарат,  Айгуль Құрманбектің фейсбук желісінде;

«Ауылда өсіп арамдықты адамнан көрмеген Индира Бегалиева аңқаулығын пайдаланған Жанна полиция қызметкері өзінің айлаларын осылай асыра пайдаланғаны көрініп тұр.
Индираның қарыз алған адамдары Жаннаға алданғанын біліп тұрса да Жанна қарыз берушілерге мен Индираны соттатамын қарыздансам да, сіздердің қаражаттарыңызды қайтарамын деп алдап, халықты да өзінің бас пайдасына пайдаланып қылмысын жасыру мақсатында әр түрлі іс әрекеттерге барып жатыр..»- деп, сот актісі қабылданбаған айыптармен ақпарат жарияланып, жеке тұлға тарапынан құқықтық баға да беріліп болған сияқты. 

Аталған жариялымдағы айтылымдарда, Индира Бегалиева:

          Пирамида деген нәрсені түсініп тұрған жоқпын шындығында, себебі бұл жерде пирамида дейтіндей ештеңе болған жоқ. Жанна әпкені танығалы бері ол кісіге алтын тасып, бір тиынына дейін шашау шығармай алып барып бергенім болмаса, бала-шағаммен жүріп, пирамида дейтіндей ешнәрсе істеген жоқпыз- дейді ол өзінің Айгуль Құрманбекке берген сұхбатында.

Сайрам аудандық полиция бөлімінің полиция  қызметкері деп көрсетілген азаматша Жанна Иманкулова бүгінгі таңда полиция қызметкері емес. Ол 2 баланың анасы, өзінің жеке баспанасы жоқ, қаншама ақшаға алданған әйел болып шықты.

Ал аталған айтылымдардағы бейнежазбаның асытында Аяулым Турдыкулова есімді бізге белгісіз болған фейсбук парақшасының авторы, 400 қазақтың датын оқи отырсаңыздар;

2024 жылы қазан айының 18- ші жұлдызынан бастап Бегалиева Индира Кабланбекқызы жеке мүддесі үшін алтын сатып бастаған. Ол кісінің айтуы бойынша Жанна есімді азаматша екеуі сауда жасаған Бегалиева И көтерме бағада алтын алып Жаннаға апарып отырған. Уақыт өте келе Жанна Бегалиеваны бопсалап, заңсыз алтын тасыдың, енді маған күнде алтын әкеліп тұрмасаң соттатам, тағы басқада қоқан лоққы көрсеіпті Алтын бұйымның ақшасын бермей отырыпты.
 2025 жылдың қаңтарында Бегалиева Индира көтерме алтын сатушыларға өте қомақты суммада қарыз болып қалған. Кейіннен  Қарсыбаев Әлібек Үсенович, Бегалиева Индира Қабыланбекқызы екеуі жоспарлы түрде ұйымдасып, 2025 жылдың 5-  ақпанында алтын бизнесін бастаймыз деп ватсап әлеуметтік желісінде чат ашып салымшыларды жинай бастағанын жазып қалдырған. 

Аяулым Турдыкуловтың жариялаған жазбасында,  салымшылар жинайтын чаттарды 3 адам жүргізгені және 150 ге жуық салымшыларды жинап, бастапқыда айына 1 рет 100.000теңге салса 15 күнде 60.000 теңге, егер  500.000 теңге салса 300.000 теңге,  1000.000 теңге салса  400 000 теңге пайыз алып отырасыздар деп уәде бергені ашық жазылған

Салымшылар арасында түрлі акциялар ұйымдастырып, бонус, сыйлықтар үйлестіріп, халықтың қызығушылығын арттырып 390ға жуық салымшының  ақшаларын алған көрінеді

Салымшылардан жиналған ақшаны Индира Бегалиева алып,  оларға дивидендтерін үйлестіріп бергені  айтылып, жазылып жатыр. Сонда бұл қаржы пирамидасы болмаса, салымшыларға дивидент төлейтін бұл қандай бизнес немесе компания  екені бізді қызықтырып отыр. Индира Бегалиеваның өзі соншама килограмм алтындарды қайдан алды?
Аталған жазбалармен жарияланымдағы айтылымдардан соң біздің республикалық «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі ақпаратты тексеруді бастады.
Бір қызығы, ИП «АҢСАР -GOLD»— тың негізгі ЭҚЖЖ бағыты,  (32120) зергерлік бұйымдары және ұқсас бұйымдар өндірісі бойынша  25.02.2025 жылы,  КАРСЫБАЕВ ӘЛІБЕК ҮСЕНҰЛЫның компаниясы, Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында тіркелгені туралы ақпараттар, ашық дереккөздерде жүктелгені белгілі болды.
ИП «АҢСАР -GOLD» пен Индира Бегалиеваны не байланыстарады, оларға  алданған адамдар туралы ақпараттарды келесі мақаламызда жариялайтын боламыз.
Шымкент қаласы
жалғасы бар.
суретте Индира Бегалиева, оның фото бейнесі ашық дереккөздерінен жүктелді.

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *