Әскери қызметкер асырап алған баласын өлтірді деп күдіктелуде. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
2025- жылғы 31- мамырда Талас аудандық полиция бөліміне Талас аудандық орталық ауруханасынан 2015 жылы туылған Б. А.В-тің түрлі дене жарақаттарымен жеткізілгені туралы хабарлама түскен. Өкінішке орай бала ауруханаға жеткенше жан тапсырған.
Күдікті ретінде Жамбыл облысы Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылы С.Күшәнов көшесі тұрғыны, 1990 жылы туылған азамат Сқақ Аңсаған Әмзебекұлы 2025- жылғы 31- мамырда сағат 18:40-та нақты ұсталып, 18:45-те ҚР ҚПК-нің 128-132-баптарының талаптарына сәйкес ұсталып, Талас аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында- деп, мәлімдеді, Жамбыл облысы білім басқармасының басшы орынбасары Л. Кзылкулова
Жамбыл облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Л. Кзылкулованың берген ресми мәліметінше, күдікті 2011 жылдан бері әскери қызметте, 2022 жылдың қарашасынан бастап Жуалы ауданы Б.Момышұлы аулында орналасқан №91678 әскери бөлімінде (таулы-егерлік полк), қойма бастығы болып қызмет атқаратыны, оның полиция есебінде тіркелмегені туралы мәлімдеді.
Жуалы ауданы білім бөлімінің 2023- жылғы 31- тамыздағы №6 және №7 патронаттық тәрбиеге беру туралы келісім шарттарына сәйкес, 1990 жылы туылған Сқақов Аңсаған Әмзебекұлына кәмелетке толмағандар 2015- жылы туылған Б. А. В. (Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Ш.Мұртаза ОМ 3 Д сынып оқушысы) және оның інісі .2017 жылы туылған Р. В. (Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы Ш.Мұртаза 2 сынып оқушысы) патронаттық тәрбиеге берілген екен.
Патронат — ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы шарт бойынша басқа азаматтардың отбасына тәрбиелеуге беретін тәрбиенің бір түрі. Бұл шарт баланы тәрбиелеп алуға ықылас білдірген адам (патронат тәрбиеші) мен қорғаншылық және қамқоршылық органы арасында жасалады.
2025- жылғы 20 сәуірде Шымкент қаласының білім басқармасының №236 н/қ бұйрығына сәйкес, 1990 жылы туған Сқақов Аңсаған Әмзебекұлына кәмелетке толмаған 21.01.2019 жылы туылған А. Ә. және оның қарындасы 2020 жылы туылған, А. А. қорғаншылыққа берілген- деп жауап жолдады басқарма басшысының орынбасары Л. Кзылкулова
Кәмелетке толмағандар орын алған оқиғадан кейін шұғыл түрде Жамбыл облысы әкімдігінің арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығына орналастырылып, балаларға психологиялық көмектер көрсетілген.
Күдіктіге қатысты әскери-тергеу басқармасы тарапынан ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 3-бөлігімен (жас баланы өлтіру) дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Жамбыл облысы
сурет шартты