«Ansar Gold» қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы қамауға алынды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады
Естеріңізде болса, біздің «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі, 2- мауысым күні «Жаптым жала, жақтым күйенің кесірі кімге керек?» https://astarlyakikat.kz/?p=14554— атты мақала жариялаған болатын. Аталған мақалада, әлеуметтік желісінде, Сайрам аудандық полиция бөліміне қарасты полиция қызметкері деп, Жанна Иманкулова есімді келіншекке қатысты айыптау бағытында бейресми бірқаншама ақпараттар Айгуль Құрманбек тарапынан жарияланған еді.
Мақалада, ИП «АҢСАР -GOLD» пен Индира Бегалиеваны не байланыстарады, оларға алданған адамдар туралы ақпараттарды келесі мақаламызда жариялайтынымыз туралы жарияланған.
Бүгінгі таңда, ҚР ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті «Ansar Gold» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатқаны хабарланды. Олар өздерін зергерлік бұйымдар сатумен айналысатын компания ретінде таныстырған күдіктілер салымшыларға 5 ай ішінде салынған қаражаттың 40–60%-ы көлемінде ай сайын табыс түсетінін және негізгі капиталдың сақталуына кепілдік берілетінін уәде еткен. Алайда, іс жүзінде төлемдер тауар сатуынан түскен табыстан емес, жаңа қатысушылардың салымдары есебінен жүзеге асырылған. Нәтижесінде бұл қаржы пирамидасына 200-ден астам адам тартылып, 400 млн теңгеден астам қаражат салынған. Сонымен қатар, күдіктілер өздерінің туыстарын «дроп» ретінде тартып, олар арқылы басқа қатысушылардан түскен ақшаны қолма-қол шешу үшін олардың банк карталарын пайдаланған. Қаржы пирамидасын ұйымдастырушы қамауға алынды. Қазіргі уақытта оған тиесілі автокөлік пен тұрғын үйге шектеу қойылды.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды- деді, ҚР ҚМА-нің ресми өкілі.
Шымкент қаласы