Баласын қинаған өгей әке қайтадан қамауға алынды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.

Естеріңізде болса, біздің «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігіне араша сұрап келген әке туралы, «БАЛАНЫҢ БАСЫН РАСТВОРҒА ТЫҒЫП АЗАПТАҒАН»

атты мақала жариялап, онда баланың өгей әкесі қинапғаны туралы сұмдық жағдайды баяндап берген баланың өз әкесінің сұхбатын жариялаған болатынбыз.

 

Баланың өгей әкесі Г. Есімді азамат, 2022-2024 жыл аралығында жәбірленуші, кәмелетке толмаған А-ның тағам қабылдауын шектеу үшін ас бөлменің есігін құлыптап, баланың қалыпты тамақтану құқығын шектеген. Кәмелетке толмаған бала тамақ жеу табиғи қажеттілігін ас бөлмеге терезе арқылы тығылып кіруге мәжбүр болған. Өгей әкесі кәмелетке толмаған баланы еркін өсіп-жетіліуіне, қалыпты бала шақтағы  құқықтарын жүзеге асыруға жол бермей, оны құрдастары мен қарым-қатынас жасау, тіпті мектептен білім алу құқығын шектегені туралы дәлелдемелермен, Жуалы аудандық сотының  судьясы Б. Абуев, аталған қылмыстық іс бойынша баланың өгей әкесі Г. Есімді азаматты кінәлі деп тауып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.

Үкіммен бірге аудандық соттың судьясы Б.Абуев баланың анасына жеке қаулы шығарған.

ҚК-нің 110-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен айыпталып, сотқа берілген  Г-ға  қатысты қылмыстық ісі бойынша, куә ретінде сұралған Маденова Гульмира Адамбековнаға қатысты, әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы бар немесе жоқ екенін анықтау үшін жекеше қаулы Жуалы аудандық полиция бөліміне жолдансын- деседе, ол жекеше қаулы бүгінгі таңға дейін тергеліп,  бір жылға жуық уақыт өтседе сотқа жолданбаған.

Алайда үкімге қарсы тарап наразылық танытып аппелляцияға берген.

Баланың өгей әкесін қорғаған қорғаушылары Жамбыл облыстық сотына апелляциялық шағым түсірген.

2023 жылы 3- шілде күні Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Н.М.Абидов, судьялар А.Б. Бексултанова және С.Н. Төлесбай, кәмелетке толмаған А есімді азаматтың өгей әкесі Г. есімді  азаматты, ҚР ҚК-нің 110 бабы 2- бөлігі 1- тармағын ҚР ҚК-нің 109-1- бабының 2- бөлігі 3), 7) және 8) тармақтарымен саралансын. Сотталушы Г 100 сағатқа қоғамды жұмыстарға тартылсын. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖК «№67» мекемесінен күзетілуден дереу босатылсын- деп қара қылды қақ жарғандай қаулы еткен.

Алайда кассациялық алқа төрағасы Э.Унгарсынова және судьялар Н. Өміртайұлы мен З. Шмировалардың қабылдаған сот актісі мен , аталған қылмыстық іс бойынша, Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қабылдаған қаулының күшін жойып,   бірінші сатыдағы Жуалы аудандық сотының судьясы Б. Абуевтің үкімін заңды деп тауып күшінде қалдырды. яғни бірінші сатыдағы сот үкімі заңды деп табылып баланы қинаған өгей әке қайта қамауға алынды.

Жамбыл облысы

 

 

 

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *