Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында 23 наурыз күні астанаға қосымша 300 мыңнан астам медициналық маска әкелінді.
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі хабарлады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Тұңғыш Президенті қоры Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына 50 мың медициналық маска жіберді.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында 23 наурыз күні астанаға қосымша 300 мыңнан астам медициналық маска әкелінді.
Елбасы тапсырмасымен Тұңғыш Президент қоры Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына 50 мың медициналық маска жіберді.
Қала әкімдігі «СҚ-Фармация» компаниясымен бірлесе маска мен антисептиктерді жеткізу бойынша мәселені дистрибьюторлармен ұзақ мерзімді негізде жолға қойды.
Құны 56 теңгеге бекітілген маскаларды келесі мекен-жайлардағы дәріханалардан алуға болады: «Хан Шатыр»,»Азия парк» СОО, «Мәскеу» БО, «Хайвилл»,»Нұрсая»,»13 магистраль»,»7Я»,» Лазурный квартал», «Променад Экспо» ТК, №10 емхана, «Аружан» СОО, «Экспо Плаза» ТК, «Триумфальная арка»ТК, Бараева, Сармат-1, Достар-3, Империал, Иманбаева 8, №6 емхана,»7 континент» ТК, «Визит» ТК, «Қайнар» БО, Тұран 55, Магнум (Алаш ш 23/1) және т.б.
Өткен аптада қала дәріханаларына 450 мың медициналық маска жеткізілген болатын. Естеріңізге сала кетейік, дәріханаларда бір адамға 5 маскадан артық берілмейді.
Медицина, полиция, әлеуметтік және қала тіршілігін қамтамасыз етуші нысандардың қызметкерлері медициналық маскамен, антисептиктермен және басқа да қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген.
Нұр-Сұлтан қаласы
![]()
