Тбилиси бағытындағы әуе рейсі Тараз қаласына қонбады. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігі хабарлады.

Құрметті жамбылдықтар!

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында ағымдағы жылдың 20 наурызында Тбилиси қаласынан Тараз қаласына Қазақстан Республикасының азаматтарын тасымалдау жөніндегі авиарейсті ұйымдастыру жоспарланып отырғандығы хабарланған болатын.

Осыған байланысты жауапты қызметтер іс-әрекеттер алгоритміне сәйкес санитарлық бақылауды күшейту бойынша тиісті шаралар қабылдады.

Алайда, аталған жоспарлы Тбилиси рейсі бағытының басқа қалаға ауысуына байланысты Тараз қаласына қонуы жүзеге асырылмады.

Жамбыл облысы әкімдігі

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *