Шымкент қаласы Полиция Департаменті Әл-Фараби АПБ-ның қызметкерлері еріктілермен бірлесіп төтенше жағдайға байланысты профилактикалық жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда.

Полиция қызметкерлері мен еріктілер көшеде топтасып тұрған және медициналық бетпердесіз жүрген адамдармен профилактикалық сұхбат жүргізуде. Оларға аса қажеттілік туындаған жағдайда ғана болмаса, үйден шықпауға кеңес беруде. Көшеге шыққанда сақтық шараларын қолданып жүру керектігін еске салды.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары төтенше жағдай кезіндегі негізгі талаптарды орындауға және айтылып жатқан кеңестерге назар аударуға шақырды.

Бірлескен жұмыс өз жемісін берері сөзсіз!

Шымкент қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *