
13.05.2020 жылы сағат 17:05 шамаларында Төлеби ауданы, Қасқасу а/о, Жоғарғы Қасқасу ауылында қатты жауынның салдарынан Қасқасу өзені тасып, ауыл ішіндегі 4 көпірді шайған. 4 тана және 4 қой суға кетті. Екпінді ауылындағы 4 үйдің ауласына су кірді. Оқиға орнына ТЖД 36 жеке құрам, 5 матопомпа 3 дана техника жұмылдырылды.
Өзеннің төменгі ағысында Тасарық, Қазақстан, Көксәйек, Зертас елді-мекендері орналасқан. Қазіргі таңда бұл ауылдарда су тасу қауіпі және нөсер жауын жоқ- деп Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаменті жариялады.

Төтенше жағдайлар департаментінің айтуынша, «Төлеби ауданы, Қасқасу ауыл округіне қарасты Жоғарғы Қасқасу ауылында қатты жауған жауынның салдарынан Леңгір қаласы М.Бишимбаева, Новостроевка көшесі, Қ.Дүйсемұратұлы көшелерінде орналасқан тұрғын үйлердің ауласына су кірген.
Оқиға орнында аудандық әкімшіліктен 4 техника 20 адам,Төлеби ауданының төтенше жағдайлар бөлімінен 1 техника, 4 жеке құрам, Төлеби су шаруашылығы МКК 2 техника 7 адам, «Жарық жолдары» 1 техника, 5 адам, №5 ӨСБ, №16, №32 ӨСБ 82 жеке құрам, 6 дана мотопомпа жұмыс атқаруда.
Сондай-ақ, Түлкібас ауданы төтенше жағдайлар бөлімінен Төлеби ауданына көмекке 2 техника, 20 адам, 5 мотопомпа жіберілді»
Түркістан облысы
![]()
