Елорда әкімі Алтай Көлгінов кезекті рет тұрғындарды онлайн-форматта қабылдады. Азаматтар тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, үлестік құрылыс нысандары, карантин тәртібі және т.б. мәселелерді көтерді.
Елорда әкімі Алтай Көлгінов 50-ге жуық азаматты қабылдады. Сұрақтардың бір бөлігі сол жерде шешілсе, қалғандары жұмысқа алынды.
⠀
Қаладағы карантин режимін аяқтауға қатысты сұрақтар қойылды. Төтенше жағдай режимі тоқтатылып, карантинді жалғастыру туралы Қаулыға қол қойылды. Санитарлық нормалардың сақталуын бас санитарлық дәрігерлер қадағалайды. Елордада карантин режимінің аяқталуы әр тұрғынның қойылған талаптарды қатаң сақтауына байланысты.
⠀
Өткізу-бақылау бекеттері алынған жоқ, олардың жұмысы жалғасып жатыр. Қалаға кіру шектелген. Елордаға қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін нысандарында жұмыс істейтін тұрғындар ғана кіре алады. Қызметкерлер тізімін Ақмола облысының аудан әкімдері береді.
Қалаға талап етілген барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, Төтенше жағдай мен карантин уақытында азық-түлік өнімдері еш кедергісіз жеткізілуде.
⠀
Тұрғындар әлі де санитарлық нормаларды қатаң сақтауы қажет. Маска киіп, адам көп жиналатын жерлерде қашықтықты сақтауға міндетті.
⠀
Бірқатар нысандар өз қызметін біртіндеп қайта бастап жатыр.
Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында 18 мамырдан бастап қонақүйлерге, сыйымдылығы 30 адамдық орынға дейінгі қоғамдық тамақтану орындарына, таза ауада қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану орындарының жазғы алаңдарына, діни ғибадат объектілеріне (толтырылуы 30% — дан артық емес) жұмысын қайта бастауға рұқсат берілді. Басты шарт-санитарлық нормаларды қатаң сақтау. Бұл ереже бұзылған жағдайда нысандардың жұмысы тоқтатылады.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі
![]()
