Қызылорда облысы Шиелі аудандық сотының судьясы Ғ. Құрманбайға және оның хатшысы Е. Қыдырәлиеваға қатысты үкім бойынша ANTIKOR News мәлімдеді

Ағымдағы жылдың 10 желтоқсанында Шиелі аудандық сотының судьясы Құрманбай мен оның хатшысы Қыдырәлиеваға қатысты айыптау үкімі шығарылды. Оларға тиісінше 2 жыл 6 ай және 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды (Қыдырәлиеваның кәмелеттік жасқа толмаған 4 баласы, оның ішінде 1 емізулі баласы болғандықтан жазасы кейінге қалдырылды).
Құрманбай жалған әділетсіз сот актілерін шығарғаны (ҚК 369-бабы 3-бөлігі) және қызметтік жалғандық жасағаны үшін (ҚК 418-бабы 1-бөлігі) кінәлі деп танылды. Қыдырәлиева сыбайластығы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Мәселен, Құрманбай сот отырыстарын нақты өткізбестен, сондай-ақ жалған мәліметтер енгізу арқылы 12 азаматтық іс бойынша (тұрғын үйлер мен жер телімдерін сатып алу-сату мәмілелерін жарамды деп тану туралы) шешім шығарған.
Сотталушылардың жас балалары болғандықтан, сот Құрманбайдың жазасын 5-тен 2,6 жылға дейін, Қыдырәлиеваның жазасын 4-тен 2 жылға дейін жеңілдететін жағдай деп таныды.
Сондай-ақ, олар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.
Құрманбай сот залында қамауға алынды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Естеріңізде болса өткен жылы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігінде сот төрағасы «менің төсекке шақырды, ойнасым бол деп, менің атымнан сот шешімдерін шығарған»- деген сынды ақпараттары туралы, «Адамның тағдыры төсектің талғамына қалдыма Жақып Асанов?»— атты ақпарат жарияланған болатын. Толығырақ сілтемеден оқыңыз:

Адамның тағдыры төсектің талғамына қалдыма Жақып Асанов?

Қызылорда облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?