Табиғат – адамзатпен біртұтас дүние. Ол біздің өмірімізде аса маңызды орынға ие, оның біздің көңіл-күйімізге, денсаулығымызға, атқарып жатқан жұмысымызға әсері зор. Облысымыздың экожүйесіндегі маңызды орындардың бірін орман алқаптары алып жатыр. Облыстың ормандары – бұл маңызды қорғау қызметін атқаратын табиғи кешен. Облысымыздың орман алқаптары көлемінің жартысынан көбін сексеуіл ормандары алып жатыр. Жыл сайын Жамбыл облысының аумағында жануарлар әлемін, ағаштарды, бұталар мен сексеуілді жоятын орман мен дала өрттері тіркеліп отырады. Сексеуіл ормандарындағы өрттердің нәтижесінде олардың құм көшкінін ұстау қабілеті төмендейді. Мұндай өрттер үлкен көлемдерге таралып, орман — дала өрттеріне өтеді, сонымен қатар оларды өшіру үшін өртке қарсы қызметі күші мен құралдарының негізгі бөлігі бөлінеді де, нәтижесінде елді мекендер өртке қарсы қорғаусыз қалып, ауылшаруашылығы алқаптарына қауіп төнеді. Осылайша, табиғи өрттер үлкен материалдық шығындарға алып келеді.

Қазіргі уақытта орман алқаптарын қорғау және қалпына келтірудің көптеген маңызды мәселелерінің бірі орман өрттерімен күресу және облыстағы дала мен орман алқаптарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Жергілікті атқарушы органдар мен Департаменнт бірлесіп табиғи өрттердің алдын алу мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізілуде.

Облыстың орман-дала алқаптарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімінің 2019 жылғы 13 наурызда «Облыс аумағында табиғи өрттердің алдын алу жөніндегі шаралар туралы» №51 Қаулысы қабылданды, сондай-ақ облыстың мемлекеттік орман қоры мен дала алқаптарында орман шаруашылықтарында аудан және ауылдық округ әкімдіктерімен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірлескен алдын алу іс-шараларының жоспары бекітілді. Аталған жоспарға сәйкес ағымдағы жылғы 13 мен 24 мамыр аралығында орман өрт командаларын, ауылдық округтердің ерікті өрт сөндіру жасақтарын, өртке қарсы қызмет бөлімшелерін және басқа да ынталы органдарды қатыстыра отырып шартты орман және дала өрттерін сөндіруге бағытталған бірлескен 14 өрт-тактикалық оқу-жаттығулар барлық 10 аудандарда ұйымдастырылып жүргізілетін болады.

Ауылдық мекендерінде 2368 адамнан құрылған 171 ерікті өрт сөндіруші құрылымдар ұйымдастырылды және олар өрт сөндіруге арналған 531 дана тіркемелі тракторлар, 22 өрт мотопомпасымен жабдықталды. Өрт сөндіруге қажетті 3 мыңнан астам қол асты өрт сөндіргіш құралдары дайындалды.

Өрт қауіпті маусымына дайындық мақсатында Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Б. Орынбековтің басшылығымен Жамбыл облысы Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, онда облыс әкімінің бірінші орынбасары Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларына алдағы жазғы кезеңде іс-шараларды дайындау және ұйымдастыру мәселелеріне аса көңіл бөлуді тапсырды.

Жалпы, комиссия жұмысы барысында қабылданған шешімдер облыс аумағында өрт қауіпті кезеңге және шомылу маусымына дайындық бойынша мақсатты жұмыстарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді үгіт насихат жұмыстары жүргізілуде. Орман қорына кіре беріс жерлерде өртке қарсы тақырыптарға 60 аншлаг, 25 билборт орнатылды.

Орман мен дала өрттерінің туындауына кінәлі көбіне адам болып табылады-оның демалыс және еңбек орнында отты пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелеріне

немқұрайлы қарағанынан. Көбінесе өрттің пайда болуы табиғатта демалыс орындарында, жеміс-жидек жинау кезінде, аңшылық кезінде сөндірілмеген сіріңке, темекі және қараусыз қалған тағам жасау кезінде немесе жылыну мақсатында пайдаланған алаулардан, аңшылық кезінде атылған оқ-дәрінің шоғынан қураған шөптер тұтанып өрт туындайды. Табиғатта демалыс орындарында сынған шыны әйнектердің қалдықтарын жиі кездестіріп жатамыз. Жаздың ыстық күндерінде осы сынған шыны әйнектер күннің сәулесін линза ретінде күшейтіп қураған шөптің тұтануына ықпал етеді. Аталған өрттердің әсерінен мемлекетімізге үлкен шығын келтіріп, кейде адам өлімімен қайғылы оқиғаларға алып келеді. Осыған байланысты, Төтенше жағдайлар департаменті облыстың барлық тұрғандарына тау, дала және орманды жерлерде демалғанда, сонымен қатар ауылшаруашылығы жұмыстарын жүргізу кезінде өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын қатаң сақтау қажет екендігін ескертеді. Осылайша біз облысымыздың өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, ағаштардың басқа түрлері өспейтін жерлерде өсетін, өте сирек кездесетін ерекше сексеуіл ормандарын сақтап қаламыз.

Орман – бұл көптеген ұрпақтардың меншігіндегі ұлттық қазына, сондықтан біз оның сақталуын қамтамасыз етуге тиіспіз!

Жамбыл облысы ТЖ департаментінің Зілзалалар қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?