Облыс аумағындағы табиғи ірі өрттердің алдын алу және оларды жою үшін 2019 жылғы 13 маусымда Жамбыл ауданының аумағында тау бөктеріндегі шекаралас аймақта табиғи өртті жою бойынша бірлескен оқу-жаттығу өткізілді.

Оқу-жаттығуға Жамбыл облысының төтенше жағдайлар департаменті және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары, Байзақ және Жамбыл ауданының әкімдіктері, Жамбыл және Байзақ аудандарының азаматтқ қорғау қызметтері, қоғамдық тәртіпті күзету қызметі (ЖПҚ бөлімшелері), медициналық қызмет, өртке қарсы қызмет, энергетика және ЖЖМ қызметі, сауда қызметі, Жамбыл облысы әкімдігінің Жамбыл және Байзақ аудандарының орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері; «Қазавиақұтқару» АҚ; Жамбыл ауданының Қызыл-қайнар, Полатқосшы және Гродеково ауылдық округтерінің ерікті өртке қарсы құрамалары; Байзақ ауданының Қызыл Жұлдыз, Талас, Үлгілі ауылдық округтерінің ерікті өртке қарсы құрамалары; Қырғызстан Республикасы Талас облысы бойынша ТЖМ басқармасының күш пен құралдары қатысты.

Оқу-жаттығуды Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Орынбеков Бекболат Серікұлы басқарды. Оқу — жаттығу басшысының орынбасары-Жамбыл облысы ТЖД бастығы Данилов Бағдат Жұмаұлы, Оқу-жаттығу басшылығының штаб бастығы — Жамбыл облысы ТЖД бастығының орынбасары Сабиров Талғат Нұрғалиұлы.

Барлығы 24 дана техника, 1 тікұшақ және жеке құрамның 169 адамы тартылды.

Оқу-жаттығу мақсаты табиғи өртті сөндіру тактикасында және ұйымдатыруындағы барлық сұрақтарды басшы және қатардағы құраммен іс-жұзінде іске асыру. Өрт сөндіру бөлімшелерін басқарудағы әрекеттері бойынша басшы құрамның тәсілдерін, сонымен қатар жедел штабтың өрт кезіндегі арнайы қызметтермен өзара іс-қимыл пысықтау. Тактикалық түпкі ойға сәйкес табиғи өрт туралы және оның іргелес жатқан Қырғызстан Республикасының аумағына өту қаупі туралы хабарлама Жамбыл облысы ТЖД Дағдарыс жағдайларында басқару басқармасына келіп түсті.

ТЖД жедел кезекшісі өз кезегінде Жамбыл облысы әкімінің аппаратын, Жамбыл ауданының әкімдігін, барлық бірлесе әрекет ету қызметтерін, облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасын құлақтандырды.

Өрт орнына бірінші кезекте жақын маңдағы ауылдық округінің ерікті өрт сөндірушілер құрамаларының күш пен құралдары, Жамбыл және Байзақ аудандарының орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерінен орман өртін сөндіру командалары бағытталды. Олар оттың жайылмауына жол бермеу бойынша іс-шараларды қабылдауда.

Шартты өрт орнына Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметі бөлімшелерінің күш пен құралдары, ЖАО және ТЖД басшылары жетеді. Өртті сөндіру басшысы өртті сөндіруді ұйымдастыруды басқарып, өрт сөндірудің жедел штабын құрады. Бұдан әрі өртте тұрақты байланысты ұйымдастыру үшін өрт сөндіру қызметінің жылжымалы басқару пункттері өрістетіледі. Оқу-жаттығулардың тактикалық түпкі ойына сәйкес өртті сөндіру жағдайлары желдің күшеюімен қиындайды. Өрттің ауданы – 35 га құрайды.

Өрттің өрістеуі қаупінің пайда болуы және оның таулы аймақ арқылы іргелес жатқан Қырғызстан Республикасының аумағына өтуіне байланысты өрт туралы хабарлама Қырғызстан Республикасы ТЖМ Талас облысы бойынша басқармасына беріледі, трансшекаралық аумақтағы төтенше жағдайларды жою бойынша бірлесе әрекет ету жоспарына сәйкес шаралар қабылдады.

Ауылдық округтерден тартылған ерікті өрт сөндірушілер құрамаларының күштерімен таулы аумаққа өрттің таралуын болдырмау мақсатында шекараны жағалай өрттің солтүстік, батыс және оңтүстік жақтарынан жерді жырту жүзеге асырылады.

Өрттің таралуы және сөндіруге мониторинг жүргізу, және де жану көздерін дер кезінде анықтау мақсатында «Қазавиақұтқару» АҚ-ның ЕС-145 тікұшағымен өрт орындарына шолу жүзеге асырылды.

Таудың етегіндегі өрттерді сөндіру қол құралдарымен (хлопушкалар) және аспалы сулы өртсөндіргішпен, және де өрт сөндіру автотехникаларын пайдаланумен жүзеге асырылады. Тау бөктері мен шатқалда – қол құралдары (хлопушкалар) мен аспалы сулы өртсөндіргіштермен.

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Б. Ж. Данилов оқу-жаттығуды қорытындылай келе оқужаттығудың барлық қатысушыларының бірлесіп атқарған жұмысын, осындай оқу-жаттығуды өткізудің маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ барлық өзара әрекеттескен ұйымдардың іс-қимылына дұрыс баға берді.

Бұқаралық ақпарат құралдары үшін жаттығу орнында брифинг өткізілді, онда Бағдат Жұмаұлы оқу жаттығудың мақсаты мен қажеттелігін жеткізді және жаттығуға жұмылдырылған барлық ұйымдардың өзара қарым қатынастарын пысықтау мәселесіне толығырақ тоқталды.

Жамбыл облысының ТЖД

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?