2024 жылғы 4 қарашада Павлодар қаласының № 2 соты тұрғынжайға заңсыз басып кіру және жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып зорлау фактісі бойынша З.-ға қатысты, ҚР ҚК-нің 149-бабы 1-бөлігі және 120-бабының 1-бөлігі бойынша айыпталған адамға қатысты қылмыстық істі қарады. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Аталған қылмыстық іс сексуалды сипатқа қатысты болуына байланысты сот отырысы жабық форматта қаралды.
Жәбірленушінің өкілі мен оның адвокаты келтірілген моральдық зиян өтелгендіктен З.-мен татуласқандарын және оған ешқандай талаптары жоқ екенін айтты. Сондықтан оны бас бостандығынан айырмауды сұрады. Сотталушы кінәсін мойындап, істеген әрекетіне өкінді. Ол және оның адвокаты шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Сот жәбірленушінің заңды өкілі мен адвокаттың пікіріне қарамастан, шартты жаза үшін негіз жоқ деп тапты.
Павлодар қаласының № 2 соты, түпкілікті онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сiңiру арқылы З.-ға, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұл жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейтін болды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сардар Әбдіжақия
Павлодар қаласы