Өзінің досын өлтірген азаматқа үкім оқылды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Ұлытау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өзінің досын өлтірген сотталушы  С.-ға  Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша айып тағылып іс сотқа жолданған.
Соттың мәліметінше, оқиға Сәтбаев қаласындағы саяжай үйлердің бірінде болған. Сотталушы С. досымен бірге алкогольді ішімдік ішіп отырғанда, екеуінің арасында жанжал туындап, С. қасақана ас пышағымен досының мойнына бір соққы жасаған. Нәтижесінде жәбірленуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.
Тергеу барысында және сот отырысында  кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірген сотталушы С.-ға 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар, сот Қазақстан Республикасы Конституциясының 15-бабына сәйкес әр адамның өмір сүруге құқығы бар екенін және ешкімнің адам өмірін өз бетімен қиюға құқығы жоқ екенін еске салды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сардар Әбдіжақия
Ұлытау облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *