Пышақпен адам өлтірген азамат 11 жылға қамалды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Қостанай облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қостанай қаласының тұрғынына қатысты адамды өлтірді деген айыппен ҚР ҚК-нің ҚК 99-бабының 1-бөлігі мен, қақтығыс кезінде кісі өлтіру фактісі туралы қылмыстық істі қарап үкім оқыды.
2023 жылғы 8-ші қарашаға қараған түні сотталушы Д. «Ambar» караоке-барында достарымен демалған. Бір сәтте Д. мен бардың басқа келушісі М. арасында ауызша жанжал туындап, ол далада жалғасын тапты. Барға кіреберісте қақтығыс барысында мас күйде болған Д. жәбірленуші М-ға бір рет пышақ салып, нәтижесінде соңғысы қысқа уақыт ішінде қылмыс орнында қайтыс болды.
Сотталушының жеке басын, жасалған іс-әрекеттің сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, істің барлық мән-жайларын ескере отырып, сот орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сот Д.-дан жәбірленуші тараптың пайдасына моральдық зиянды өтеу және материалдық залалды өтеу есебінен 6 600 000 теңге өндіріп алынды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сардар Әбдіжақия
Қостанай облысы